2018 жылдың мамыр айының 16-18 күндері Астана қаласыда роботатехникадан оқушылар арасындағы республикалық «Kazakhstan Robotics Challenge 2018» сайысында мектебіміз жүлделі орындарға ие болды.
Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында оқушылардың жазғы демалысы қарсаңында 1-31 мамыр аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» акциясы өтуде. Соңғы жылдары, балалардың жолдағы сауаттылық деңгейі позитивті жоғарлау тенденциясы байқалады. Акция шеңберінде астананың №3 мектеп-гимназиясында балалар мен жасөспірімдердің жолдағы жүру қауіпсіздік дағдыларын жаттықтыру мақсатында тақырыптық сабақтар өткізілуде. Ювеналды полиция инспекторы Эльмира Шауленова жол қауіпсіздігі тақырыбында суреттер байқауын өткізді. Қатысушыларға жүлде ретінде балалар ертегілер жинақтары сыйлық етілді.
«Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдық» мерейтойына орай Астана қаласының «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылардың профилактикасын жаңғырту» бағдарламасының аясында мектеп оқушылары арасында өткен шахмат жарысында 2 орынға ие болған №3 мектеп – гимназиясының командасын құттықтаймыз!
18 сәуір күні мектебіміздің оқушылары «Оқушылар сарайында» өткізілген «Алақай» би кешіне қатысты
9 мамыр Ұлы жеңістің 73 жылдығы құрметіне орай тарих пәнінің мұғалімі Тунгышбаева Айгерім Серікқызы 8 «А» сыныбында «Ұлы жеңіс жасасын» викторинасын өткізді
Тәрбие жұмысының жоспарына сай 6«В» сынып оқушылары Астана қаласының ТЖД Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары бөлімінде экскурсияда болды.
<h4 style="text-align:justify;"> Мектебімізде «Шуағын төккен 4 жыл» атты бастауыш сыныппен қоштасу болып өтті. 4-сынып оқушылары алғаш қолына қалам ұстатқан ұстазымен қоштасып, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар тамылжыта ән салып, үш тілде өлең оқып, мың бұрала би билеп, күй шертіп көрермендерді тәнті етті. </h4>
№15 мектеп-лицейінде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.
<span style="font-family:'times new roman', times, serif;font-size:14pt;">2018 жылғы 1 сәуірден бастап 19 мамырға дейін Астана қаласының Білім басқармасының жәнен «Әділет» білім беру саласының қызметкерлерінің кәсподағының қаржылық қолдауымен Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығы Астана қаласында «Үздік педагог - 2018» қалалық конкурсын өткізді.</span>
«Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектеп тәжірибесі» қалалық практикалық конференция өтті.
<p>Мамыр айының 17 жұлдызы күні «Білімнен ғылымға бастар жол» атты дарынды оқушылар форумы өтті. Ұлы Абай «... Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ,»- деген. Өз білімімен озған дарынды 35 оқушы форумның негізгі қатысушылары болды. Форумға филологоия ғылымдарының докторы, ЕҰУ профессоры Әбдуали Бекжан, абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел және филология ғылымдарының кандидаты доцент Мамаева Гүлнар Бейсекқызы қатысты. Дарынды оқушылардың ата - аналары мен ұстаздарына «Алғыс хат» тапсырылды. Форумды директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Момынқұлова Алтын ұйымдастырды.</p>
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны