Үздік педагог-2018
2018 жылғы 1 сәуірден бастап 19 мамырға дейін Астана қаласының Білім басқармасының жәнен «Әділет» білім беру саласының қызметкерлерінің кәсподағының қаржылық қолдауымен Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығы Астана қаласында «Үздік педагог - 2018» қалалық конкурсын өткізді. Конкурстың мақсаты: жоғары деңгейлі интеллектуалдық дамыған, рухнаи-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетті меңгерген, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты педагогтарды анықтау.
Қалалық конкурс үш кезеңнен тұрады:
І кезең – білім беру ұйымының ішінде.
2018 жылғы 1 сәуірге дейін білім беру ұйымдарында конкурсқа қатысатындар айқындалады.
ІІ кезең – қалалық(сырттай), екі турдан тұрады:
1-тур.
11-22 сәуір аралығында Конкурстық сараптама комиссияның мүшелері педагогтың портфолиосын бағалау өлшемшарттарына сәйкес сырттай қалалық кезеңінің 2-турында қатысу үшін педагогтарды іріктеуді жүзеге асырады.
23-27 сәуір аралығында ІІ кезеңнінң 1-турын табысты өткен педагогтардың бейне сабақтарының материалдары ұсынылады.
ІІІ кезең – қалалық (күндізгі) конкурс 2018 жылғы 16-19 мамыр аралығында өтеді.
Күндізгі кезеңге екі кезеңді табысты өткен конкурсанттар жіберіледі.
Конкурсанттар Конкурстың әділ қазыларының алдында «Менің педагогикалық ұстанымым»; педагогикалық жағдай, өзінің презентациясын жасайды.
Конкурс тапсырмаларын бағалау қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасы Бас жүлде, 1,2,3-орындар және лауреаттарды тағайындады. Жеңімпаздар мен орын алғандар және лауреаттар құрмет грамотасымен және бір жолғы ақшалай сыйлықпен мараптталды.
2018 жылғы 18 мамырда Оқушылар сарайында «Үздік педагог - 2018» қалалық конкурсының қорытынды кезеңі өтті, оған Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен мұғалімдері қатысты. Педагогтарды шығармашылық педагогикалық жұмыс, тәрбиеленушілердің жетістіктері мен табыстары бойынша бағалады.
Конкурс қорытындысы бойынша «№22 «Әлем» балабақшасы» МКҚК тәрбиешісі Әлия Мәжитқызы Алтынбекова 2-орынға ие болды.Әлия Мәжитқызыныңпедагогикалықұстанымы: «Мен бұл өмірде керемет ерлік көрсеткен жоқпын, бірақ адамдар маған өздерінің өмірдегі басты құндылығы, өмірінің жалғасы, өмірінің қуанышы мен өмірінің мәні өздерінің ұрпағын, жан дүниесі- баласын маған сеніп тапсырды мен соған мақтанамын, мен соны ерлік деп білемін!»
«№22 «Әлем» балабақшасы» МКҚК педагогикалық ұжымы, қызметкерлер Алия Мажитқызын жеңісімен құттықтайды және жаңа табыстарға жетек беруге, жаңа жеңістерге қол жеткізе беруге өздерінің шын тілектерін білдіреді. Тағы да жеңісіңіз құтты болсын дейміз құрметті жас педагог Әлия Мәжитқызы.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии