Меню KDT

Новости

Главная Новости

Мектебіміз республикалық «Kazakhstan Robotics Challenge 2018» сайысында жеңімпаз атанды

   2018 жылдың мамыр айының 16-18 күндері Астана қаласыда «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Дарын» РҒПО қолдауымен «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастырған оқушылар арасындағы «Kazakhstan Robotics Challenge 2018» атты дәстүрге айналған республикалық сайысы өтті. Сайысқа қатысуға 900 оқушы өтініш білдірген, нәтижесінде іріктеу турынан 280 оқушы негізгі турға жолдама алды. Жолдама алған оқушылардың ішінде Омаров Мақсат Манарбекұлының жетекшілігімен Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы оқушыларының командалары да бар. Мектебіміздің оқушылары байрақты бәсекеде өте жақсы нәтиже көрсетіп, топ жарып шықты. Жалпы 3 күндік жарыс нәтижесінде мектеп оқушылары 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль қанжығасына байлады. Альфамед Дидар мен Базар Иманғали 1 орын, Боқанов Әлішер мен Сайранов Санжар 2 орын, Алимханов Абылайхан мен Райымбеков Нұрмұхаммед 3 орын және ағайынды Сейдазимов Асан мен Сейдазимов Үсен  грамоталарымен және медальдармен марапатталды.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны