Мамыр айының 17 жұлдызы күні «Білімнен ғылымға бастар жол» атты дарынды оқушылар форумы өтті. Ұлы Абай «... Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ,»- деген. Өз білімімен озған дарынды 35 оқушы форумның негізгі қатысушылары болды. Форумға филологоия ғылымдарының докторы, ЕҰУ профессоры Әбдуали Бекжан, абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел және филология ғылымдарының кандидаты доцент Мамаева Гүлнар Бейсекқызы қатысты. Дарынды оқушылардың ата - аналары мен ұстаздарына «Алғыс хат» тапсырылды. Форумды директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Момынқұлова Алтын ұйымдастырды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны