Мектебімізде «Шуағын төккен 4 жыл» атты бастауыш сыныппен қоштасу болып өтті. 4-сынып оқушылары алғаш қолына қалам ұстатқан ұстазымен қоштасып, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар тамылжыта ән салып, үш тілде өлең оқып, мың бұрала би билеп, күй шертіп көрермендерді тәнті етті. Мектеп директоры Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызы бастауыш сынып бітірушілерді құттықтап, орта буында жақсы оқуын тіледі.