Мектебіміздің салтанат залында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп директоры Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызы жиналған қауымды ІІ тоқсанның басталуымен құттықтап, күн тәртібімен таныстырды.

Астана қаласы Білім басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Қазақстандағы ұлттық сәндік қолданбалы өнеріндегі жаңа қырлар» атты бейнелеу, технология және сәндік қолданбалы өнер шығармашылығы педагогтарына арналған қалалық байқауына №69 мектеп-гимназиямыздан Мұхамеджанов Әлімжан Мағзумұлы қатысып, «Мүсін өнері» номинациясы бойынша Бас жүлде иегері атанды. Ұстазымыздың алдағы уақытта да алар асуы көп екендігіне сенім білдіреміз.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Қазақстандағы ұлттық-сәндік қолданбалы өнеріндегі жаңа қырлар» атты бейнелеу технология және сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығы педагогтарына арналған қалалық байқауында

29-қазанда Алматы қаласында «Тайжарыс» қоғамдық қорының қолдауымен, ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Сайра, бұлбұл!» байқауына «Көркемсөз» бағыты бойынша қатысып, ІІІ орын иегері атанған №48 мектеп- лицейінің 1 «Г» сынып оқушысы Ануарқызы Санияны, жетекшісі Оралды Алтынайды жеңісімен құттықтаймыз. Бағындырар белесі, алар асуы көп болсын!!

Астана қаласы тарих пәні мұғалімдері 4 қараша күні жалпы мектептерден 50-ге тарта оқушыларды бастап Қарағанды еңбекпен түзету лагеріне (КарЛаг) саяхатқа барып қайтты.

Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында қоғамда жаңа рухани дәстүр қалыптастыру үшін әр білім ошағы күш салу, өлкетану, экологияны жақсарту, қаламыздағы, еліміздегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарға саяхат жасау мақсатында № 48 мектеп-лицейінде «Туған елге тағзым» атты кешенді жоспар жасалды. Тағылымды іс-шара Астана қаласының мұражайларының тарихи ескерткіштеріне саяхаттан басталды. 5-6 сыныптан оқушылары «Алжир» этномемориалдық кешеніне саяхатқа барды. Патриотизмнің ең басты үлгісі туған жердің тарихын оқып, қызмет етуден басталатыны анық. Оқушылар көкейкесті сұрақтарын қойып, түрлі мәлімет-дерек алып, сананы селт еткізер оймен тарқасты. Бұл бір күннің ісі емес, алдағы уақытта жалғасын табары сөзсіз.

2017 жылдың 8-қарашасында мектеп кітапханасында 10«Б» және 11«А» сынып оқушыларының қатысуымен Марина Цветаеваның 125 жылдығына арналған шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі - Р.Б.Кусниева мен мектеп кітапханашысы - Т.О.Кутубаева аталмұш шараны жақсы ұйымдастырып, кітапхана ішін тақырыпқа сай безендіріп, қонақтарды жан-дүниені тебірентерлік өлеңдер оқу арқылы таңдандыра білді.

Іс шара автордың өмірі мен шығармашылығын еске түсіру мақсатында өткізілді. Автордың шығармалары тыңдалып, шағын бейнефильм мен презентация дайындап оқушылар қонақтарға жеткізе білді. Кеш М.Цветаеваның сөзіне жазылған әндерді гитарамен шырқап, естеліктерін оқумен аяқталды.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны