Меню KDT

Новости

Главная Новости

16- желтоқсан Тәуелсіздік күні

16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 5 «Е» сыныбында Қантбек Алтынай Дарханқызы «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!», 6 «Г» сыныбында Сыздыкова Балгуль Алпысбаевна «Тәуелсіздік шапағаты» атты тәрбие сағаттарын өткізді.

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

Сабақ басында тәуелсіздік жолында күресіп, жанын құрбан еткен батыр бабаларымыздың, айбынды аталарымыздың, қайсар ағалармыздың рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Желтоқсан құрбандарына арналған бейнебаян көрсетіліп, Тәуелсіздіктің маңызы, қадірі түсіндірілді.

Тәуелсіздікті жырламаған ақын жоқ шығар. Бірқатар ақын аға-аталарымыздың жырларын оқушылар мәнерлеп оқып, сайысқа түсті. Үздік, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.

Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.  Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

 Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!





Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны