Меню KDT

Новости

Главная Новости

МӘҢГІЛІК ЕЛ - ҚАЗАҚСТАН ЖАСАСЫН!

Бүгін №81 "Astana English school" гимназиясында еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне орай "Мәңгілік ел - Қазақстан жасасын!" тақырыбында мерекелік концерт болып өтті. Мерекелік концертке қоғам қайраткері, "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасы ақпараттық - коммуникациялық технология, білім және инновациялық комитетінің төрағасы Әбенов Мұрат Абдуламитович келді. Мерекелік концерттің алғашқы шымылдығын гимназия директоры Садыкова Гүлнар Дінғуатқызы ашып, қонақтарды, ата - аналар мен ұстаздарды, оқушыларды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, білім мен тәрбие беру жолында еңбек етіп келе жатқан ұстаздарды марапаттады. Бүгінгі мерекеде оқушылардың жан -жақты дамуын, жеке тұлғалық ерекшеліктерінің артуын жүзеге асыруда "өзін - өзі басқару" ұйымының құрамына енген министрлер мен Президенттік сайлауда көп дауыс жинап Президент болған Джундыбаева Тимеаға гимназия директоры Гүлнар Дінғуатқызы мен Мұрат Абдуламитович өз қолдарымен куәліктері мен төс белгілерін табыстады. Бұл көшбасшы оқушылардың еліміздің әлем елдерінің алдында абыройын асқақтатын жалынды жастарына күллі қазақ елі үлкен сенім артатын, сол жолдағы алғашқы баспалдағы десек те болады. Олай болса, гимназиямыздың көшбасшылары тәуелсіз мемлекетіміздің игілігі мен мектебіміздің мәртебесін әрдайым биік ұстауда адал қызмет ететініне сенеміз. Сонымен қатар, Республикалық "Бала дауысы" байқауының дипломанты Нурмакова Ясминді құттықтап,ізгі тілектерін білдірді. Мерекеде театр, вокал, хореография, жетіген, гимнастика үйірмелерінің оқушылары ат салысып, өз үлестерін қоса білді. Бүгінгі мерекеге оқушыларын жан -жақты дайындап шығарған барлық ұстаздарға алғыс білдіремін!

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны