"Тәуелсіздік туы, асқақта" атты тәрбие сағаты өтті.
Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай Сеилғазина Зияш Тұрсынбекқызы "Тәуелсіздік туы, асқақта" атты тәрбие сағатын өткізді.
Сабақ барысында Желтоқсан құрбандары, ержүрек, батыл жастарымыз жайлы видеороликтер көрсетіліп, оқушылар Желтоқсан оқиғасынан үзінді көрсетті.
Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.
Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Туымыз асқақтай берсін!!!!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии