Меню KDT

Новости

Главная Новости

16.04.2018

8 «Г» сынып оқушысы Текенова Тамиланы құттықтаймыз

11 сәуір күні қалалық «Шаттық - 2018» балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық байқауының үшінші күні өтті. Бейнелеу өнері сайысында мектебіміздің намысын қорғап, ерекше бейнелеу өнері үшін дипломға ие болған 8 «Г» сынып оқушысы Текенова Тамиланы және жетекшісі Мунайдарова Сауле Кенжебулатовнаны құттықтаймыз! Қаламдарыңыз мұқалмасын!

16.04.2018

10 «В» сынып оқушысы Чуркина Ксенияны құттықтаймыз

11 сәуір күні қалалық «Шаттық - 2018» балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық байқауының үшінші күні қылқалам шеберлері сынға түсті. Сайыста мектебіміздің намысын қорғап, ерекше бейнелеу өнері үшін дипломға ие болған 10 «В» сынып оқушысы Чуркина Ксенияны және жетекшісі Мунайдарова Сауле Кенжебулатовнаны құттықтаймыз!

16.04.2018

ҰБТ-2018

<div style="text-align:justify;">Биылғы 2017-2018 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ны жаңа форматта тапсырады. Осы бойынша 2018 жылдың 13 сәуірінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері мен ата-аналарының қатысуымен мектебіміздің мәжіліс залында жиналыс өткізілді. Жиналысты мектеп әкімшілігі өткізіп, ата-аналар мен оқушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, «Алтын белгі» үміткерлерінің де басқа оқушылармен тең дәрежеде ҰБТ тапсыратынын ескертті. Сөз соңында мектеп әкімшілігі түлектерге ақ жол, сәт-сапар тіледі.</div>

14.04.2018

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ. АТА-АНАЛАРМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ

Бүгін 14 сәуір күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебінде сағат 9.30-дан бастап ата-аналар "Ашық есік күніне" жиналды. Алғашқы қырық минут бойы мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы мектептің оқу-тәрбие процесі мен жалпы жағдайы, соңғы жылдардағы жетістіктері туралы есеп берді. Осыдан соң мектептің үш бірдей спорт залында ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, жәрмеңке ұйымдастырылды. Жарты сағат сынып жетекшілерімен кездесіп, сыныпішілік мәселелердің басы шешілді. Сол сияқты мектептің мұражайына, кітапxанасына, роботеxника, компьютерлік кабинеттерге, "Руxани жаңғыру" аясында ұйымдастырылған көрмеге саяxат жасалып, соңы мектептің педагогикалық ұжымынан құрылған концерттік бағдарламасымен аяқталды. Ата-аналардың педагогикалық ұжымға деген шексіз алғыстары мен ыстық ықыластарын байқадық, сезіндік. "Мұғалімді тағы бір ерекше қырынан көре алдық" деген ата-аналардың мектеп өміріне деген қызығушылықтарын оята алдық деген сенімдеміз!

14.04.2018

15 сәуір - Ғашықтар "Қозы Көрпеш Баян сұлу" күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

15 сәуір - Ғашықтар   "Қозы Көрпеш Баян сұлу" күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

14.04.2018

Кәсіптік бағдар беру

<h4 style="text-align:justify;">       Бүгін мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша 9-10 сынып оқушыларына арналған түсіндіру жұмыстары өтті.  Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Астана қаласының 20 колледжі қатысқан іс-шарада ата-аналар мен оқушыларға мамандар кәсіптік бағдар беру жөнінде кеңінен түсіндірді. </h4>

14.04.2018

«Сөз – мерген»

Астана қаласындағы №84 мектеп- лицейінде 2018 жылдың 14 сәуір   күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен 4-сыныптар арасында қалалық «Сөз - мерген» тіл танымдық олимпиадасы өтті.  Олимпиадаға Астана қаласының елу  мектебінен жүз оқушы қатысып өз білімдерін сынады.

14.04.2018

Бүгін, яғни 14.04.2018 ж. сағат 11.00-14.00-ге дейін №38 мектеп-лицейінде сенбілік өтті.

<p><span style="font-family:'times new roman', times, serif;font-size:12pt;">Бүгін, яғни 14.04.2018 ж. сағат 11.00-14.00-ге дейін №38 мектеп-лицейінде сенбілік өтті.</span></p>


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны