Меню KDT

Новости

Главная Новости

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

       2017-2018 оқу жылының аяқталуына орай Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте 23 мамыр күні 1,2,3 сыныптар, 24 мамыр күні 4 сыныптар үшін «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.
      Салтанатты жиында оқушылар сап түзеп, мемлекеттік ту енгізіліп, әнұран шырқалды. Әр сынып оқушылары мектеп, жол қауіпсіздік ережелері туралы жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Өнерлі оқушылардың әндері тыңдалып, мың бұралған бишілердің билері тамашаланды.
      Жиында биылғы оқу жылын үздіктердің арасынан топ жарып шыққан «Үздік оқушылар» мен оқу жылын үздікке аяқтаған оқушылар марапатталды. 1-сыныптардан 1 «А» сынып оқушысы Ерланова Ақжан, 1 «Д» сынып оқушысы Пак Арина, 2- сыныптардан 2 «А» сынып оқушысы Қанатұлы Нұрасыл, 2 «М» сынып оқушысы Алпыспаева Алима , 3-сыныптардан 3 «В» сынып оқушысы Нұрғали Әлия,  3 «И» сынып оқушысы Кашафова Аида,     4-сыныптардан 4 «А» сынып оқушысы Айтасова Назира, 4 «К» сынып оқушысы Сирик Мария  «Үздік оқушы» атанып, «төсбелгі» мен куәлікке ие болды. Тағы мектеп өмірімен тығыз қарым-қатынаста, белсенді болған ата-аналар «Алғыс хатпен» марапатталды.
         Жиында директордың ғылыми-әдістемелік ісінің орынбасары Алибекова Гүлден Зияшқызы, директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушілері Курсанова Бақыт Қабылдақызы мен Сатыбалдина Гүлнар Ахметқызы оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, алдағы жазғы демалыстарын қызықты өткізулеріне сәт-сапар тіледі.
            
 Бастауыш сынып мұғалімдері: Нығмежанова Г.М., Бейсенбекова Ә.С.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны