Соңғы қоңырау!
Алтын ұя мектептің тұлпарлары, дүлдүлі –
Жұлдыздары жүректің жетілдіндер бұл күні!
Бірің – хакім, ал бірің болыңыздар ғұлама,
Мың дауыспен сайраған о, өмірдің бұлбұлы!
Ата-дәстүр бойынша сатпайды ұлан сүйегін,
Күй төгесің шанақтан – жақсы болды тиегің!
Құтты болсын тойларың шәкірттерім, көгершін,
Барлығынды кеудеме басып, қысып сүйемін.
Сендерсіндер тірліктің желкілдеген құрағы,
Ұстаздарың арманын өздеріңе ұлады!
Тойға ұлассын тойларың – ту қадандар биікке,
Жақсы туған жігітке жат жұрт келіп тұрады.
Оралындар отыздың ортасына толғанда,
Шүкіршілік етеміз жетсеңдер шың-арманға.
Ел-жұртың бар тілектес, жьнылма өмір-егесте,
Ал соңдарың айналсын қарақұрым орманға!

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии