Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Инклюзивті білім беру" кластері

    2018 жылғы 25 мамырда «№ 22 «Әлем» балабақшасы» МКҚК базасында «Инклюзивті білім беру» кластерінің қорытынды семинары өтті. Семинардың қатысушылары мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлер, логопед мұғалімдер, дефектолог мұғалімдер, Астана қаласы кластерінің әріптес балабақшалары болып табылды.
    Семинардың мақсаты кластер жұмысының қорытындысы және келесі оқу жылына міндеттерді айқындау болып табылады. Семинардың модераторы - «№ 22 «Әлем» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі - Жолдасова Қарлығаш Каримовна.
  Семинарды әдістемелік көрме мен «№ 22 «Әлем» балабақшасы» МКҚК тәрбиленеушілерінің ұйымдастырылған ең үздік көркем өнерпаздары ашты. Жемісті жұмыс істеу мақсатында педагог-психолог Бондаренко Татьяна Владимировна тренинг өткізді, «Грек жаңғағы» эмоциялық күйіп кету синдромының алдын алуға ықпал етеді. Бұдан әрі Қ.К. Жолдасова «Инлкюзивті білім беру» кластерінің жұмысының қорытындысын айтып берді. Оқу жылының ішінде әріптестері кезіккен проблемаларын жандандырды. Осы кезең мақсаттарды, міндеттерді айқындауды және келесі оқу жылына арналған кластер жұмысының мазмұнын бетпе-бет отырып талқылауға мүмкіндік берді. Семинардың барлық қатысушылары«Problem tree analysis»әрқылы әзірлеу кезінде педагогтар проблемалар анықтады және оларды шешуін жолдарын анықтады. Мақсаттар ағашы – онда басты мақсат: оған бірінші, екінші және одан кейінгі деңгейлер кіші мақсаттар көрсетілген құрамдастырылған, иерархиялық қағидатта құрылған экономикалық жүйе мақсаттарының, бағдарлама, жоспардың жиынтығы. «Масқаттар ағашы» тұжырымдамасы адамға өзінің жоспарларын ретке келтіруге, топта өзінің мақсаттарына көруге, ең жақсы нәтиженің қандай да бір болуы мүмкін комбинациясын қамтамасыз етеді соны анықтауға мүмкіндік береді. Мақсаттар ағашы әдісі мақсаттар, проблемалар, бағыттардың неғұрлым тұрақты құрылымын алуға бағдарланған.
    Осы әдістеме 2018-2019 оқу жылдарына арналған міндеттерді әзірлеуге қызығушылық танытуға және барлық деңгейдегі логопед мұғалымдерден, дефектолог мұғалімдерден бастап Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына дейін ат салысып белсенді қатысуға мүмкіндік берді.
     Рефлексия. Мамандарға арналған конкурстар, жиналыстар өткізуді, мастер-класстар, семинарлар өткізуді ұйымдастыруда кластер әріптестерінің қажеттілігі. Клсатерді түзетуді ескере отырып, бір жылға оқу жоспарын әзірлеу үшін тамыз айында кезектен тыс жиналыс өткізу. «Инклюзивті білім беру» кластерінің әріптес балабақшалармен байланыс жолдарын әзірлеу.




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны