Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№78 мектеп-гимназия» КММ-нің 1-11-сынып оқушыларымен 08-11қыркүйек аралығында отбасы күніне орай «Отбасы – ұлттың тірегі» тақырыбында іс-шаралар болып өтті.

1-4-сыныптар арасында «Кезекші сыныптарда» офлайн, қашықтан оқитын сыныптарда онлайн түрінде «Бала бақыты – жанұя» атты сынып сағаттары болып өтті. Сынып сағаттарының мақсаты:

1) «Отбасы» құндылығы мен отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;

2) отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;

3) отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

3 «Г»сыныбында «Менің отбасым – менің бақытым» атты тәрбие сағаты болып өтті. Сынып жетекшісі – Мукыжанова Айнур Уановна

Сабақ барысында слайд көрсетіліп, оқушылар «Отан отбасынан басталады» мақалының мәнін ашты. Саятқызы Сымбат пен Ғалымова Айзере «Отбасым – алтын бесігім» атты бейнекөрініс көрсетіп, сабақ соңы өрендеріміздің ата, әже, әке, ана туралы өздері білетін тақпақтарына ұласты.

5-7-сыныптар «Мен және менің отбасым» тақырыбында суреттер салып, фотоколлаж жасады. Отбасы күніне орай өткен іс-шараға ұйытқы болған 5 «Д» сыныбы мен жетекшісі – Толыбаева Карлыга Мукашевна, 5 «Г» сыныбы мен жетекшісі – Тастанова Динара Ахметалиевна, 6 «В» сыныбы мен жетекшісі – Мухаметова Шолпан Еркиновна, 6 «Д» сыныбы мен жетекшісі – Керимбекова Салтанат Жаксыбековналардың жұмыстары ерекше болды.

8-11-сыныптар «Отбасы – жан шуағым» тақырыбында өткен мәнерлеп оқу байқауына үлес қосты. 11 «А» сынып оқушылары Алижан Қуанышбекұлы мен Шынали Сабыржан отбасы жайлы өлеңдерімен бөлісті.

Осы орайда Халықаралық тілдер мерекесі апталығы барысында қазақ тілі мен әдебиет пәні ұстаздары Сәуле Бөкейхан және Ғылым Сергүлдің ұйымдастыруымен мектебіміздегі «Қылқалам» ақындар клубының мүшелері жас ақындар өздерінің қара сөзден өрген өлең шумақтарын назарға ұсынды.

Біздің мектебіміздің 9 В сынып оқушысы Байгабылов Арман «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумына қатысып мадақтама қағазымен бірге жалпы командалық деңгейде І орын алып, медальмен марапатталды.
Лицейімізде 7-14 қыркүйек "Отбасым - бақыт мекенім" отбасы күніне арналған апталық өтті.
Елбасымыз мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек. Отбасы күні Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi. Яғни 11 қыркүйекке сәйкес келеді.
Осыған орай мектебімізде
1. 1-4сыныптар арасында «Отбасы – бақыт мекені» атты отбасылық фото альбом ,фото слайд байқауы,
2. 5-9 сыныптар арасында "Ұрпақ жақсысы-ұядан" тақырыбында оқушылардың отбасына арнауы;
3. "Отбасы құндылығы-сақылмас қызына" тақырыбында эссе жазу байқаулары өтті. Ең үздік деп танылған оқушыларымыздың шығармашылық жұмыстарымен таныса отырыңыздар.
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз!
Сынып сағатында Асқар Рамазан, Дәулетбек Ернұр,Тәңірберген Балнұр,Мейрамбек Нұрислам,Ғалым Нұрай,Даниял Назым,Тұрғанбаев Ыдырыс өздерінің жаттаған тақпақтарын,Кендібай Әмірхан отбасы туралы мақал-мәтелін айтты. Сыныпта 14 ата – ана отбасына арнап фотоколлаж жасап жіберді.

14 қыркүйек ZOOM платформасы арқылы Тіл мерекесіне орай "Жыр жауһары" атты мектепішілік А.Байтұрсынов оқулары өтті

№83 мектеп-гимназиясында 14 қыркүйек Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған "Тіл мәртебесі – мәртебелә тіл" атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі мүшелерінің ұйымдастыруымен онлайн форматта тіл апталығының ашылуы өткізілді. Іс - шараға мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдері мен оқушыларымыз қатысты.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны