Лицейімізде 7-14 қыркүйек "Отбасым - бақыт мекенім" отбасы күніне арналған апталық өтті. Апталық кезекші сыныптарда "Менің отбасым - менің мақтанышым" сынып сағаты, сурет көрмесімен басталып, 5-11 сыныптарда " Отбасы және отбасылық құндылықтар" онлайн сынып сағатымен жалғасты. Лицейдің әлеуметтік парақшаларында "Өнегелі отбасылар шеруі" өтті. Үлгілі, белсенді отбасылар алғыс хаттармен марапатталды.