Меню KDT

Новости

Главная Новости

Қазақ тілі апталығы: «Тіл мәртебесі – мәртебелі тіл»

Апталықтың мақсаты: қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі екендігін түсіндіре отырып, қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қашанда биік ұстауға үйрету болды.

 Апталығымыздың басында мектеп директоры Теменова Сәуле Ермуханқызы тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тіл ретінде өрістеп дамуына үлес қосу- жастарымыздың жауапкершілігінде болатын міндет екендігін алға тартып, тіл  мерекесімен құттықтады.  Іс-шараны жүргізу Байбосын Әли Мұратұлының тізгінінде болып,  әрі қарай Омарова Мейіргүл Беркінбайқызының тіліміздің биік мәртебесін айқындайтын  "Тіл туралы" Заңның таныстырылымымен жалғасын тапты. Сонымен бірге, қазақ тіл білімінің атасы, қазақ тілі туының тұғыры саналатын Ахмет Байтұрсынұлының  қалдырған тіл туралы мұрасы жөнінде жас пән мұғалімі Макимова Ажар Айбекқызының баяндамасы оқылды.

   Іс-шарамызды мектеп оқушылары Қоянбек Абдуррахман К.Салықовтың "Тіліңді қорға,қазағым!", Дүйсенбай Жамила М.Мақатаевтың "Үш бақытым", Асхар Қарақат С.Иманасовтың "Тіл"  атты  өлеңдерін оқып, көркін кіргізді.Іс-шараны жас маман Тұрысханқызы  Ақбота "Жаса,қазағым!" әнімен әрледі. Сөз соңында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Оразбай Тұрғанай  Нұрқасымқызы  тіл  апталығының алдағы күндерде өткізілетін іс-шараларының жоспарымен таныстырып, өзінің жылы лебізін білдірді.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны