"Нур отан" партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі 111 Жедел қызметі байланыс орталығы Қонырау шалу арқылы сен өзіңді және өз жақындарыңды құтқара аласың
«ЭКОАСАР -3. ҚАПТАМА»
2021 жылдың 1 ақпанында «РОП» ЖШС мен Нұр-Сұлтан қаласы «Білім беруді жаңғырту орталығының» ұйымдастыруымен «ЭкоАсар -3. Қаптама» жобасы басталды. Алғашқы шаралар қала мектептерінің сынып жетекшілерін оқыту тренингтерімен бастау алуда.
Осы орайда, №15 мектеп-лицейінің сынып жетекшілерімен жүздесіп, тақырыптық танымдық тренинг ұйымдастыруға мүмкіндік берілді. Тренинг барысында қаптама туралы түсінік беріліп, олардың қызметтері мен мүмкіндіктері, қаптама түрлері мен белгілері туралы қызықты мәліметтер ұсынылды. Практикалық тұрғыдан мысалдар келтірілді.
Тренинг соңында туған жердің табиғатының тазалығы – әр азаматтың өз қолында екендігін түсіндіретіндей бейнематериал ұсынылып, мұғалім ретіндегі басты міндетіміз – оқушы мен ата-анаға осындай шаралар арқылы Табиғат-Ананы сақтап қалуға бір қадам жасайтынымыз туралы пікіріммен бөлістім.

Бүгін,30.01.21ж №3 ата-аналар жиналысы Microsoft Teams платформасында қашықтан өткізілді.

" Отбасы – тәрбиенің басты ұясы "атты тақырыбындағы бұл жиналыс директор Айтимова Гүлнұр Ерсайынқызының алғы сөзімен басталды.

Күн тәртібінде мектебіміздегі өзекті мәселелер қозғалып,1жарты жылдыққа қорытынды жасалды.

Оқу ісі орынбасары Абильмажинов Қ.А оқушылардың ІІ тоқсан білім сапасы көрсеткішін хабардар етсе,

" Өзіңді Өзің Жаса! " тақырыбында бейіндік ісі орынбасары Ермағамбетова М.М баяндама оқыды.

"Өз таңдауыңа жауапты бол! " тақырыбына орай тәрбие ісі орынбасары Ж.Н.Дюсебаева оқушылардың шығармашылық жетістіктерімен таныстырды.

Жиналысты Инклюзивті білім беру бағытындағы инклюзияны қолдау кабинетінің әдіскері Хасенова Перизат өз жаңалықтарымен аяқтады.

Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан өзін толғандырған сұрақтары қойылып, пікіралмасты.

Инклюзивті білім беру– білім алу барлығына да қол жетімді деген қағидатқа негізделетін оқыту. Барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

2020 жылдың қыркүйек айында біздің мектебімізде Нұрсұлтан Назарбаев «Қамқорлық» қорының қолдауымен инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Кабинеттің қолдауымен бүгінгі күні білім алуда ерекше қажеттілігі бар 6 бала оқып жатыр. Әртүрлі диагноздармен 1,2 және 4 сыныптарда. Жалпы инклюзияны қолдау кабинеті 10 баланы қамти алады және толық жабдықталған. Мектепте арнайы тереңдету курсынан өткен 2 арнайы маман (дефектолог, психолог) педагогикалық білімі бар 6 педагог-ассистент жұмыс жасайды. Балалардың бір-бірімен еркін коммуникациялық қарым-қатынаста болуы үшін әр сыныпта білім алуда ерекше қажеттілігі бар бала саны 1-2ден аспайды.

Құттықтаймыз!
Жаратылыстану-математикалық бағытындағы қалалық жасөспірімдер олимпиадасының іріктеу кезеңінде химия пәні бойынша қатысқан 7 "А" сынып оқушысы Қаратай Ақжібекті құттықтаймыз. Жетекшісі: химия пәнінің мұғалімі Бөкенова Бакытжан Калабаевна.
2021 жылдың 28 қаңтар күні, полиция аға лейтенанты А. П. Аралбаева Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы ПБ аумағында 26.01.2021 —28.01.2021 ж. аралығындағы«Жасөспірім» жедел іс-шарасы барысында №53 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушыларына «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны