Меню KDT

Новости

Главная Новости

Инклюзивті білім беруді педагогикалық-психологиялық қолдау

І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназия педагог-психологтары оқу-тәрбие бөлімімен бірлесе отырып инклюзивті білім беруді қолдау бойынша мұғалімдермен топтық педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын жүргізіді. «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында слайд-презентация көрсетіліп, мәселемен таныстыру жұмысы жүргізілді. Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде ерекше білім беру қажеттілігінің келесі анықтамасы қолданылады - бұл оқушылардың сапалы білім алуы барысындағы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмекке мұқтаждығы. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды ерекшеліктеріне байланысты топтарға бөлінетіні айтылып, яғни психикалық және дене даму ерекшеліктері бар балаларға, мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары бар балаларға және өмірдің қолайсыз жағдайлары (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық және т.б. проблемалар) бар балалар, ол топтар бойынша жеке-жеке мағлұматтар берілді, педагогикалық-психологиялық қолдау, дамыту шаралары қарастырылды. Кері байланыс арқылы ағарту жұмысы барысындағы алған мағлұматтармен ой бөлісу болды.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны