<p>Тілдер апталығы аясында 21 қыркүйек күні 8 «Б» сыныбының оқушылары арасында Ағылшын тілі мен Химия пәндерінен кіріктірілген “Separating mixtures” тақырыбында эксперимент сабағы өткізілді. Бұл іс-шара 2 кезеңнен құралған. Әсіресе эксперимент көрсету кезеңі өте қызықты өтті.</p>
Астана қаласы Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектепте 21.09.2016 жылы Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне арналған «Тіл – білім кілті» айлық аясында өткен қазақтың ұлы ақыны, жыршысы, жыраушы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған – «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кеште 5,6,7 қазақ сынып оқушылары Жамбыл өлеңдерін ,дастандарын мен арнауларынан үзінділер оқыды.
<h4> Апта басында «Жас ұлан» ұйымының Ұлан басын сайлауы өтті. Тоғыз үміткер қатысып, өздерінің жоспарларымен бөлісті. </h4>
21.09.2016 жылы гимназияда «Тілі бірдің – тілегі бір» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларының арасында билер фестивалі өтті
№3 мектеп-гимназиясындағы 5-11 сынып оқушыларының Қазақстан халықтары Тілдер күніне арналған қабырға газеттерінің көрмесі.
21.09.2016 жылы №3 мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушылары «Тіл-ұлттың жаны» атты ғылыми конференцияға қатысты.
21.09.2016 жылы №3 мектеп-гимназиясының 1-4 сынып оқушылары үшін «Менің тілім-менің мақтанышым» атты сап түзеу өткізілді.
Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20-қаңтардағы Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді. Тіл –халықтың жаны, сәні. Халық өзінің ғасырлар бойына жасаған асыл мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Жас ұрпақ оның өткендегісін байыптап, бүгінгісін біліп қана қоймай, келешегін де күн ілгері көре алады. Ата өсиетіне құлақ салып, ананың тілі арқылы жеткен бабалар аманатына адал мектебіміздің қазақ тілі мұғалімдері мен оқушылары 19 қыркүйекте мектепішілік «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты апталығын бастап кетті.
<p>2016 – 2017 оқу жылы 18 қыркүйек күні Балалар мен жасөспірімдер туризм және өлкетану орталығының ұйымдастыруымен қалалық «Жас Абайтанушылар» конкурсы болып өтті. Конкурсқа қала мектептерінен 6 команда қатысты. Әр қомандада 3 оқушыдан. Конкурс 4 кезең бойынша өткізілді. Аталмыш конкурсқа мектебіміздің 8 «А» сынып оқушыларынан құралған «Алаш жастары» командасы, құрамында: Төреқұл Перизат, Ертаев Арафат, Жорабек Ұлжарқын қатысты (жетекшісі: Момынов М. Ү.). Конкурс барысында оқушылар Абайдың өлеңін музыкалық сүйемелдеумен, Абай өлеңдерін жатқа айту, Абай тақырыбындағы слайдтық презентация қорғау, Абайдың өмірі, қызметі туралы сұрақтарға жауап берді. Конкурс қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары ІІ орынды жеңіп алды.</p>
Тілдер апталығы аясында 20 қыркүйек күні Ағылшын тілі пәнінен 6 сынып оқушыларының арасында «Where is the logic?» интеллектуалды сайысы өткізілді. Сайыс оқушылардың ойлау қабілетінің жүйріктігін анықтауға бағытталған.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны