Апта басында «Жас ұлан» ұйымының Ұлан басын сайлауы өтті. Тоғыз үміткер қатысып, өздерінің жоспарларымен бөлісті. Сайлау қорытындысы бойынша ең жоғары дауыс жинаған 9 «Ә» сынып оқушысы Сапиева Айғаным Ұлан басы болып сайланды. Мектептің салтанат залында өткен іс-шараға ұстаздар мен оқушылар қатысты. 2015-2016 оқу жылындағы Ұлан басы Распек Қайнар өзінің есебін айтып, жаңадан сайланған Ұлан басына қызметін табыстады. Салтанатты кеште мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы құттықтау сөз сөйлеп, «Жас ұлан» ұйымына және Ұлан басына сәттілік тіледі.