2016 – 2017 оқу жылы 18 қыркүйек күні Балалар мен жасөспірімдер туризм және өлкетану орталығының ұйымдастыруымен қалалық «Жас Абайтанушылар» конкурсы болып өтті. Конкурсқа қала мектептерінен 6 команда қатысты. Әр қомандада 3 оқушыдан. Конкурс 4 кезең бойынша өткізілді. Аталмыш конкурсқа мектебіміздің 8 «А» сынып оқушыларынан құралған «Алаш жастары» командасы, құрамында: Төреқұл Перизат, Ертаев Арафат, Жорабек Ұлжарқын қатысты (жетекшісі: Момынов М. Ү.). Конкурс барысында оқушылар Абайдың өлеңін музыкалық сүйемелдеумен, Абай өлеңдерін жатқа айту, Абай тақырыбындағы слайдтық презентация қорғау, Абайдың өмірі, қызметі туралы сұрақтарға жауап берді. Конкурс қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары ІІ орынды жеңіп алды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"