Меню KDT

Новости

Главная Новости

29.09.2016

Мәңгілік ел идеясы!!!

7 "А" сыныбында "Мәңгілік ел" атты сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларды бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге.

29.09.2016

Ы.Алтынсариннің әңгімелері желісінде ұйымдастырылған көріністер сайысы

Астана қаласы №53 мектеп-лицейдің  5-сыныптары аралығында  Ыбырай Алтынсариннің  туғанына 175 жыл толуына арналған  Ы.Алтынсариннің әңгімелері  желісінде ұйымдастырылған көріністер сайысы болып өтті.  Іс-шараны ұйымдастырған мектептің қазақ тілі мен   әдебиеті пәнінің мұғалімдері – Сәрсембаева Жұмаш Төлекенқызы мен Медеубаева Шынар Төлеқызы. Оқушылар сайысқа ерекше көңілмен дайындалғаны байқалды.  5«А» сыныбы  «Әке мен бала», 5«Ә» сыныбы «Бір уыс мақта», 5«Б» сыныбы «Жаман жолдас», 5«В» сыныбы «Алтын шеттеуік», 5«Г» «Асыл шөп», 5«Д» сыныбы  «Мақта қыз бен мысық», 5«Е» сыныбы «Бақша ағаштары» атты әңгімелерді  сахналап қойылым көрсетті. Сайыс қорытындысында  І орынды 5«Д» сыныбы, ІІ орынды 5«А» сыныбы мен 5«В» сыныбы алса, ІІІ орынды 5«Е» сыныбы, 5«Г» сыныптары  алды. Жас өспірімдерді көркем әдебиетке қызықтыруға арналған  тәрбиелік маңызы бар бұл іс шара оқушыларға ұнады.

29.09.2016

«Алтын күз-2016» жаяу туризм бойынша қалалық слеті

2016 жылдың  23-25 қыркүйек аралығында Ақмола облысы Ақкөл  ауданының «Арман» балалар спорттық сауықтыру лагерінде жаяу туризм бойынша «Алтын күз-2016»  ашық  қалалық слеті жүргізіліп өтті. Бұл іс-шара Дүниежүзілік туризм күніне орай өткізілді.

28.09.2016

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

16-қыркүйек күні мектеп инспекторы Серік Агубаевтың ұйымдастыруымен 8,10-сынып оқушыларына арналған «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық» тақырыбында лекция өткізілді. Қатысқан оқушылар саны 259. Іс – шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық түрлері, қылмыс белгілері, жасөспірімдердің құқықтары және өз міндеттерімен таныстыру арқылы қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

28.09.2016

Әне, міне дегенше жапырағын сарғайтып, ауа райын құбылтып, бәріміз жылы кииіндіріп керемет «Күз мезгілі» де келіп жетті.

Әне, міне дегенше жапырағын сарғайтып, ауа райын құбылтып, бәріміз жылы кииіндіріп керемет «Күз мезгілі» де келіп жетті. Біреулер бұл мезгілде тоңып, көңіл-күйлері болмай жүрсе, № 38 мектеп-лицейінде бұл мезгіл мереке болып тойланып жатыр. Барлық бастауыш сынып оқушылары өздерінің күз мезгілінен алатын әсерлерін қағаз бетіне түсіруді ұйғарды.

28.09.2016

Құттықтаймыз!

6«а» сынып оқушысы Мұхаметалиев Әділ

28.09.2016

«Тілден артық қазына жоқ»

Бүгін Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте қазақ поэзияясын, қазақ ақындарының шығармаларын насихаттау, ана  тілімізді, әдебиетімізді қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу,

28.09.2016

«Сөздің көркі - мақал!»

Қыркүйек айында мектепбімізде Тілдер мерекесіне орай 2-4 орыс сыныптары оқушыларының арасында «Сөздің көркі - мақал!» тақырыбында мақал-мәтелдер айтудан сайыс өткізілді. Сайыста оқушылар Отан, туған жер, тіл, астана туралы мақал-мәтелдерді айтудан жарысты. Сайыста оқушылар мақалдың жалғасын тап, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір сияқты тапсырмаларды да орындады. Сайыс жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылар сайыста өздерінің белсенділіктерін танытты. І орынды 4«А» сынып оқушылары, ІІ орындарды 3«А» және 3«И» сынып оқушылары, ал ІІІ орындарды 4«И», 2«Ә», 3«Б» сынып оқушылары иеленді. Барлық қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Сайысты ұйымдастырғандар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Әйгерім Оразалықызы Әлімжанова мен Шолпан Жетенқызы Серікова.

27.09.2016

Жас балуандар жүлделі ІІ орын алды

Жақында самбо күресінен қалалық жарыс өтті. Біздің мектептен екі оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, 7 «Ә» сыныбының оқушылары, 38 келі салмақта Жакишев Нұрсәт пен 32 келі салмақта Бериков Дидар ІІ орын алды.

27.09.2016

«Халал» тамақтану

27/09. 2016ж №52 мектеп – гимназияда «Халал» стандарттау техникалық комитетінің төрағасы Сарсенбаев Марат Ағыбайұлы қонақта болып,  8-10 сынып оқушыларымен кездесті.

27.09.2016

SMART-мақсат дегеніміз не?

2016-2017 оқу жылында сейсенбі күні мектепте әдістемелік күні болып тандалған. Бұл күнде мектепішілік семинарлар, коучингтер, шебер-сыныптар жоспарлануда. 27 қырқүйек күні  «SMART-мақсат дегеніміз не?» тақырыптағы коучинг өткізілді. Ұстаздарға сабақ жоспарлауда көмек көрсеткен 2 деңгейлі мұғалімдер Карбаева Б.А., Рябченко Н.Г. Коучинг екі (қазақ, орыс тілді) топта өткізілді. Бұл шараға белсенді қатысқан қазақ бастауыш сынып мұғалімдері, математика, қазақ тілі, жаратылыстану-ғылыми пәндер ұстаздары. Коучингте теориялық білім алған ұстаздар 3 деңгей мұғалімдерінің шебер-сыныптарында практикалық тәжірибелерін қалыптастырады.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны