Әне, міне дегенше жапырағын сарғайтып, ауа райын құбылтып, бәріміз жылы кииіндіріп керемет «Күз мезгілі» де келіп жетті. Біреулер бұл мезгілде тоңып, көңіл-күйлері болмай жүрсе, № 38 мектеп-лицейінде бұл мезгіл мереке болып тойланып жатыр. Барлық бастауыш сынып оқушылары өздерінің күз мезгілінен алатын әсерлерін қағаз бетіне түсіруді ұйғарды. 1-2 сынып оқушылары әр түрлі материалдардан Күз кереметтері тақырыбында көрнекі құралдар жасады. Оқушылар ата-аналарының көмегімен әр түрлі өнер туындыларын жасап келді. Ол туындылардың арасынан жеміс-жидектер мен көкеністерден жасалған керемет заттарды да кездестіруге болады. 3-4 сынып оқушылары қолдарына бояуларын алып, күз мезгілін өз қиялдарындағыдай етіп суреттеді. Ең үщздік деп танылған туындылар мақтау грамоталарымен марапатталды.Ал, ата-аналар өз балаларының туындыларын бастауыш сынып мұғалімдері дайындаған көрмеден көруге мүмкіндік алды. Күз қандай салқын болса да, көңіліміз жылы болсын!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"