Меню KDT

Новости

Главная Новости

Ы.Алтынсариннің әңгімелері желісінде ұйымдастырылған көріністер сайысы

Астана қаласы №53 мектеп-лицейдің  5-сыныптары аралығында  Ыбырай Алтынсариннің  туғанына 175 жыл толуына арналған  Ы.Алтынсариннің әңгімелері  желісінде ұйымдастырылған көріністер сайысы болып өтті.  Іс-шараны ұйымдастырған мектептің қазақ тілі мен   әдебиеті пәнінің мұғалімдері – Сәрсембаева Жұмаш Төлекенқызы мен Медеубаева Шынар Төлеқызы. Оқушылар сайысқа ерекше көңілмен дайындалғаны байқалды.  5«А» сыныбы  «Әке мен бала», 5«Ә» сыныбы «Бір уыс мақта», 5«Б» сыныбы «Жаман жолдас», 5«В» сыныбы «Алтын шеттеуік», 5«Г» «Асыл шөп», 5«Д» сыныбы  «Мақта қыз бен мысық», 5«Е» сыныбы «Бақша ағаштары» атты әңгімелерді  сахналап қойылым көрсетті. Сайыс қорытындысында  І орынды 5«Д» сыныбы, ІІ орынды 5«А» сыныбы мен 5«В» сыныбы алса, ІІІ орынды 5«Е» сыныбы, 5«Г» сыныптары  алды. Жас өспірімдерді көркем әдебиетке қызықтыруға арналған  тәрбиелік маңызы бар бұл іс шара оқушыларға ұнады.








Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"