21.09.2016 жылы №3 мектеп-гимназиясының 1-4 сынып оқушылары үшін «Менің тілім-менің мақтанышым» атты сап түзеу өткізілді.
Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20-қаңтардағы Жарлығына сәйкес «22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді. Тіл –халықтың жаны, сәні. Халық өзінің ғасырлар бойына жасаған асыл мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Жас ұрпақ оның өткендегісін байыптап, бүгінгісін біліп қана қоймай, келешегін де күн ілгері көре алады. Ата өсиетіне құлақ салып, ананың тілі арқылы жеткен бабалар аманатына адал мектебіміздің қазақ тілі мұғалімдері мен оқушылары 19 қыркүйекте мектепішілік «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты апталығын бастап кетті.
<p>2016 – 2017 оқу жылы 18 қыркүйек күні Балалар мен жасөспірімдер туризм және өлкетану орталығының ұйымдастыруымен қалалық «Жас Абайтанушылар» конкурсы болып өтті. Конкурсқа қала мектептерінен 6 команда қатысты. Әр қомандада 3 оқушыдан. Конкурс 4 кезең бойынша өткізілді. Аталмыш конкурсқа мектебіміздің 8 «А» сынып оқушыларынан құралған «Алаш жастары» командасы, құрамында: Төреқұл Перизат, Ертаев Арафат, Жорабек Ұлжарқын қатысты (жетекшісі: Момынов М. Ү.). Конкурс барысында оқушылар Абайдың өлеңін музыкалық сүйемелдеумен, Абай өлеңдерін жатқа айту, Абай тақырыбындағы слайдтық презентация қорғау, Абайдың өмірі, қызметі туралы сұрақтарға жауап берді. Конкурс қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары ІІ орынды жеңіп алды.</p>
Тілдер апталығы аясында 20 қыркүйек күні Ағылшын тілі пәнінен 6 сынып оқушыларының арасында «Where is the logic?» интеллектуалды сайысы өткізілді. Сайыс оқушылардың ойлау қабілетінің жүйріктігін анықтауға бағытталған.
<h4 style="text-align:justify;"> Тілдер фестивалінде орыс тілі пәнінің бірлестігі «Үш тұғырлы тіл» танымдылық сайысын өткізді. 7-сынып оқушыларының арасында өткен сайысқа төрт команда қатысты. </h4>
<h4 style="text-align:justify;"> Тілдер мерекесі аясында математика, информатика, физика бірлестігі «Ұлттар достығы» тақырыбында фестиваль өткізді. Іс-шараға сынып жетекшілері мен оқушылар қатысты. </h4>
<p>Бүгін 20 қырқүйек күні біздің мектепте «Оқытудағы мен тәрбие берудегі 7 модуль» семинары өтті. Семинардың мақсаты – ұжымды педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасының 7 модуль идеясымен таныстыру. 4 жылға құрастырылған мектептің даму жоспарында мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру үшін коучингтер, шебер-сыныптар, бақылаулар өткізіледі. Қандай өзгерістер күтілуде, әр модульдің түйінді идеясымен ұстаздарды таныстырған мектеп директоры орынбасарлары Алибекова Г.З., Тулеуова К.Д., I деңгейлік мұғалім, мектеп тренері Тукенова Ж.К..</p>
20.09.2016 жылы №3 мектеп-гимназиясының кітапханасында Қазақстан халықтарының Тілдер күні шеңберінде 9-11 сынып оқушылары үшін «Мәдениеттер диалогы» атты дөңгелек үстел өтті.
20 қыркүйек күні гимназияда ХҮІІІ қалалық фестивалі аясында 6 сыныптар арасында қазақ тілі мұғалімі Н.Ж.Төкенова мен орыс тілі мұғалімі М.Н. Степанова ұйымдастыруымен «Тілшілер» ойыны өтті.
20 қыркүйек күні барлық сыныптарда «Тілдің болашағы – жас ұрпақтың қолында» тақырыбына сынып сағаты өткізілді.
2016 – 2017 оқу жылы 17 қыркүйек күні М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Махамбет – тарихи тұлға» атты қалалық Махамбет оқулары болып өтті. Қалалық кезеңге іріктеуден өткен қала мектептерінің оқушылары өздерінің жас санаттары бойынша финалдық кезеңде сайысты. Аталмыш сайысқа мектебіміздің 5 «А» сынып оқушысы Талғатұлы Еламан, жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Касымжанова Н. Н. қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша оқушымыз өз санаты бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"