№38 мектеп-лицейде 3 қараша күні мектеп директоры Камила Кәрімбердіқызының басшылығымен "Ұстазға тағзым" атты кездесу кеші өтті. Бұл кеш 2000-2001 жылдары осы лицей қабырғасында бастауыш сыныптарда қызмет еткен Шалабаева Рысбала Молдашқызының "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері" атағы берілу құрметіне арналды. Төсбелгіні Астана қалалық Білім басқармасының әдіскері Баяхметбаева Күнімбала Ізтілеуқызы табыс етті. Сонымен қатар, Рысбала апайымызбен әріптес болған Қасқырбай Мұқанұлы, "Қазақ қызы" мәдени-инабаттылық институтының оқу-тәрбие бөлімі директоры Сая Құдайбергенқызы қатысып, Рысбала апайға өздерінің жүрекжарды ыстық лебіздерін білдірді. Кеш республикалық байқаулардың жеңімпаздарының әуезді әндерімен жалғасты.
![]() |
![]() |
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"