№48 мектеп-лицей ұжымы мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Қазақ тілі» кафедрасының серіктестік меморандумы негізінде жұмыс жасауы соңғы үш жыл бойы жалғасуда. Осы жылдар ішінде білім ордалары арасында бірнеше игі шаралар өткізілді. Атап айтсақ, бүкiл саналы өмiрiн қазақ халқының бақытты, берекелi, бiрлiкшiл ел болуын аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен ақын, аудармашы, тiлшi, ғалым, көрнектi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсыновқа арналған халықаралық ғылыми-теориялық «А.Байтұрсынов оқулары» конференциясын бірлесе өткізу, мектептің ғылымға бейімді оқушыларымен семинар-кеңестер өткізу дәстүрге айналған.Осы игі істер биылғы жылы да өз жалғасын табуда.
Қазанның 31-і күні филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Әбдуалиұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш.Құрманбаева сияқты «Қазақ тілі» кафедрасының белді оқытушылары мен №48 мектеп-лицейдің директоры З.Садыкова, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Момынқұлова және қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері арасында серіктестіктің жылдық жұмыс жоспарын талқылау өтті. Екі жақтың да пікірлері тыңдалып, биылғы жылы оқушылармен «Тілтанудың алғашқы сабақтары» тақырыбында семинар өткізу, балалардың жазба жұмыстарынан жинақ жасау, ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы мен ҚР тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз елдің рухани тұғыры» атты ғылыми-теориялық конференцияларын өткізу жолдары қаралды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"