Астана қаласы Әкімшілігі мен Білім басқармасының бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру-ұлт тарихындағы ұлы белес» тақырыбында ақпан айының 22-ші жұлдызы күні мектебімізде оқушылардың мәдени, рухани және дәстүрлі отбасы құндылықтарын насихаттап, жастардың жауапкершілігін арттыру мақсатында Еуразия Ұлттық Университетінің тарих кафедрасының оқутушысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Садықов Тлеген Садықұлымен кездесу ұйымдастырылды. Тақырып аясында лекциямен қатар , латын әліпбиінің енгізілуіне орай түрлі тәжірибелік жұмыстар мен сөзтартыс шарасын қоса өткізді. Патриотизмнің ең басты үлгісі туған жердің тарихын оқып, қызмет етуден басталатыны анық. Оқушылар көкейкесті сұрақтарын қойып, түрлі мәлімет-дерек алып, сананы селт еткізер оймен тарқасты. Бұл бір күннің ісі емес, алдағы уақытта жалғасын табары сөзсіз. Осындай мазмұнды кездесу ұйымдастыруда ұйытқы болып отырған Астана қаласы әкімшілігіне, Білім басқармасына,Еуразия ұлттық университетіне алғыс білдіреміз.

Мектебіміздің мәжіліс залында 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен дәріс өтті. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық факультеті, түркология кафедрасының докторанты Алашбаева Жанна Нурлановна «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы баяндама жасады.

Бүгін мектебіміздің кітапханашысы Есилова Сауле Жақсылыққызы 3 «Г» сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында «Астана – елімнің жүрегі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Кітапхана қызметкерлері Гүлшат Махамбетжановна оқушыларға кітап қорлары туралы қызықты да таңғажайып әңгімелер айтып берді.

Бүгін №74 мектеп- гимназиясында Астана қаласы Білім басқармасы мен Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 8,9,10-сынып оқушыларына "Ұлттық код және туған жер" тақырыбында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркітану кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Шәріп Амантай Жарылқасынұлы дәріс оқыды. Дәріс барысында туған жерге деген сүйіспеншілік кішкентай өлкеден, қаладан, алғаш қадам басып, ата-ананың ыстық ықыласына бөленген отбасынан, алғаш қалам алып, әріп таныған мектебіңнен, бірге ойнап-ренжіскен достарыңнан басталатынын айтып өтіп, туған жерді сүю, Отанды құрметтеу сезімдерін оятты.

20 ақпан күні Кадет сыныбында «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында ашық сынып сағаты өтті.Кадеттер сабаққа белсене қатысып,өз ойларын ортаға салды.Сынып сағатын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мусатаева Науат Шаяхметовна өткізді. Сабаққа мектеп директоры Досмагамбетова Қарлығаш Тортаевна қатысып, өз пікірін білдірді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында Еуразия Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен «Отан обасынан басталады» атты республикалық жобалар байқауына мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Гылымбекова Айгерім Советбекқызы қатысып, жүлделі І дәрежелі диплом иегері атануымен құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз.

Астана қаласы «№ 45 орта мектеп» ММ 22.02.2018ж 9-11 сынып оқушыларымен бірге «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еуразия Ұлттық Университетінің тарих ғылымының кандидаты - Сайлаубай Ерлан Ерназарұлымен кездесу өтті.

Спорт денсаулық – кепілі. Бүгінгі таңда, балалар мен жасөспірімдер арасында спортқа деген қызығушылық артып келеді. Оларға деген қолдау елімізде бұрынғыдан да нығая түсіп, бір жолға қойылуда...

17 ақпан күні №3 мектеп – гимназиясының барлық саныптарында тәрбие сағаты 15 ақпан – Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығуына арналды.
2018 жылдың 22 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектебінде ер жігіттеріміздің

Бүгін 22 ақпан күні Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебінде 8-10 сынып оқушыларымен бірге "Болашаққа бағдар:руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында Еуразия Ұлттық Университетінің

жалпы тіл білімі және аударма ісі теориясы кафедрасының оқытушылары, гуманитарлық ғылымдар магистрі - Ә. А.Утеулиева, А.Б. Садуакасовамен кездесу ұйымдастырылды. Оқытушылар тақырып аясында лекциямен қатар, латын әліпбиінің енгізілуіне орай түрлі тәжірибелік жұмыстар мен сөзтартыс шарасын қоса өткізді. Оқушыларымыздың да ел болашағына бей-жай қарамайтынын айтылған әрбір пікірлерінен байқадық. Осындай мазмұнды кездесу ұйымдастыруда ұйытқы болып отырған Астана қаласы әкімшілігіне, Білім басқармасына, Еуразия ұлттық университетіне алғыс білдіреміз.

Тәрбие жұмысы жөніндегі

орынбасар Төлеуова Г.Д.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны