Астана қаласы Әкімшілігі мен Білім басқармасының бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру-ұлт тарихындағы ұлы белес» тақырыбында ақпан айының 22-ші жұлдызы күні мектебімізде оқушылардың мәдени, рухани және дәстүрлі отбасы құндылықтарын насихаттап, жастардың жауапкершілігін арттыру мақсатында Еуразия Ұлттық Университетінің тарих кафедрасының оқутушысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Садықов Тлеген Садықұлымен кездесу ұйымдастырылды. Тақырып аясында лекциямен қатар , латын әліпбиінің енгізілуіне орай түрлі тәжірибелік жұмыстар мен сөзтартыс шарасын қоса өткізді. Патриотизмнің ең басты үлгісі туған жердің тарихын оқып, қызмет етуден басталатыны анық. Оқушылар көкейкесті сұрақтарын қойып, түрлі мәлімет-дерек алып, сананы селт еткізер оймен тарқасты. Бұл бір күннің ісі емес, алдағы уақытта жалғасын табары сөзсіз. Осындай мазмұнды кездесу ұйымдастыруда ұйытқы болып отырған Астана қаласы әкімшілігіне, Білім басқармасына,Еуразия ұлттық университетіне алғыс білдіреміз.
Қоғамның дамуы үшін барлық қоғам мүшелері бірігіп жұмыс істесе еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болып болашаққа нық қадам басатынымыз және бұқаралық сананы жақсы жаққа өзгертетініміз анық...

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны