«Астана – елімнің жүрегі» тақырыбындағы тәрбие сағаты
Бүгін мектебіміздің кітапханашысы Есилова Сауле Жақсылыққызы 3 «Г» сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында «Астана – елімнің жүрегі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Кітапхана қызметкерлері Гүлшат Махамбетжановна оқушыларға кітап қорлары туралы қызықты да таңғажайып әңгімелер айтып берді. Ал Елдос Мәдиев оқушыларды кітапхана мұражайымен таныстырды. Бастауыш сынып оқушыларының кітапханаға саяхаты өте әсерлі болды. Оқушылар кітапханамен байланысын орнатуға ниет етіп, көркем әдебиетке деген қызығушылықтары артты.

Бастауыш сынып мұғалімі: Ж.Есіл
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии