Меню KDT

Новости

Главная Новости

06.03.2018

"Көктем аруы-2018"

6 наурыз күні  « Көктем аруы-2018» атты     2 "А" сыныптың  қыздар  арасындағы байқау өтті. Байқауға  сыныптан алты оқушы  қатысты. Байқау төрт кезеңнен тұрды. Алғашқысы өзін-өзі таныстыру болса, екіншісі - өз өнерін көрсетуге арналды. Бұл кезеңде қыздар өз өнерлерін ортаға паш етті. Ал үшінші кезеңде қыздарымыз үйде анасымен бірге жасап келген  салаттарының құрамымен таныстырды. Төртінші кезеңде  қыздар  сән киімінің үлгісі көрсетті. Қыздардың барлығы бірінен - бірі өткен өнерлі ,тәрбиелі, жан-жақты қыздар. Тіпті ұлдары қыздарға арнап шығарған "Ару қыздарымыз" атты әсем әнін  шырқады. Ата-аналарда осы сайысқа белсене атсалысты. Аналары "Айналайын " биін  ұлдармен  бірге би биледі.
Байқау соңында өнерлі, сұлу  қыздардың барлығана мадақтамамен марапатталды.
Байқау соңын  "Жау-жау жаңбыр" әнін хормен  аяқтады.
Ұйымдастырға 2 "А" сынып жеткешісі: Забера Абеновна және ата-аналары.

06.03.2018

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Халықаралық математикалық олимпиадасы өтті

02-03.03.2018 жылы 56 мектеп-лицейінде Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Халықаралық математикалық олимпиадасы өтті.

05.03.2018

Құттықтаймыз!

Жалпы орта білім беретін мектептердің VII-XI  сынып оқушыларының арасында өткен  «Жарқын болашақ» Х облыстық қазақ тілі олимпиадасына қатысып, «Жазушылар» конкурсы бойынша оқушымыз Жұманазова Сымбат ІІ орынға иеленді.

05.03.2018

Астана қаласындағы Қаржы академиясы колледжінің ұстаздары келіп, 9 сынып оқушылары арасында тестілеу жұмыстарын жүргізді

3 наурыз күні Астана қаласындағы Қаржы академиясы колледжінің ұстаздары келіп, 9 сынып оқушылары арасында тестілеу жұмыстарын жүргізді.

05.03.2018

Қалалық шаңғы жарысы

Қалалық шаңғы жарысында жеңімпаз атанған 6 «Е» сынып оқушысы Згога Валентинаны құттықтаймыз!

05.03.2018

Парасаттылық және академиялық адалдық

27 ақпан күні мектеп психологы Вишневская Людмила Антоновна 9 сынып оқушыларына «Парасаттылық және академиялық адалдық» тақырыбында бірыңғай сабақ өткізді.

05.03.2018

Парасаттылық және академиялық адалдық

27 ақпан күні өзін өзі тану пәні мұғалімі Артамышева Ирина Таукебаевна 8 «Д» сыныбында «Парасаттылық және академиялық адалдық» тақырыбында сабақ өткізді.

05.03.2018

Төтенше жағдайлардың алдын алу 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде 2018 жылдың 2 наурыз күні 7-11 сыныптар арасында бірыңғай 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектебіміздің спорт залында 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне   АӘД мұғалімі Б.К.Байбулатов төтенше жағдайлар болған кезде не істеу керек екендігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

05.03.2018

Қалалық семинар

Наурыз айының 3-і күні №53 мектеп-лицейде «Lesson study - іс-әрекетті зерттеудің тиімді жолы» тақырыбында семинар болып өтті. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру арқылы оқушыларға сапалы білім беруде, олардың белсенділігі мен қызығушылықтарын арттыру мақсатындағы семинарға Астана қаласы педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері А.Алданыш, К.А.Күзембаева және №45, 50, 51 мектеп ұстаздары қатысты. Мектеп директоры З.Е.Киянова алғашқы сөзді алып, семинарға қатысушыларға сәтілік тіледі. Семинарда мектеп мұғалімдері кіріктірілген сабақтар өткізіп, сынып оқушыларының білімін арттыру мәселесі мен шешу жолдарын қарастырды. Желілік қоғамдастықтағы ұстаздар әр сабаққа кері байланыс жасап, іс-тәжірибемен алмасты. Семинармен қатар мектеп-лицейдің білімді тәрбиемен ұштастыра сусындататын іс-шаралар орын алды: театр клубы, қолөнер, дебат үйірмесі және хореография өз жұмыстарын ата-аналарға көрсетіп, тәрбие жұмысының жан-жақтылығы көрінді. Семинар өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өтті.

05.03.2018

Азаматтық қорғаныс күні

Наурыз айының 2-ші жұлдызы күні мектебімізде “Азаматтық қорғаныс”  күніне байланысты мектеп оқушыларына төтенше жағдай орын алғандағы қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Бұл іс-шара - әлемдегі сан алуан елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға барлық күшті біріктіру, халықты, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар  қызметкерлерін болуы мүмкін тосын оқиғаларға дайындауға бағытталған халықаралық акция болып табылады. Бұл іс- шараның мақсаты: оқушыларды төтенше жағдайда  көмек көрсетуге , қажырлыққа, бір бірін қолдауға, жауапкершілікпен орындауға бейімделуін қалыптастыру болды. Азаматтық қорғаныс штабының тәжірибелік шараларды жоспарлануының орындалуы, төтенше жағдайларды алдын алу. Мектебіміздің инспекторы Искандарова Жанар Камалбаевна қажетті көрнекілік, ақпараттық материалдар дайындап оқушыларға түсіндіріп айтты. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу кез келген мемлекеттің басты қызметтерінің  бірі деуге болады. Азаматтық қорғаныс мемлекеттің қауіпсіздігін қалыптастыруға елеулі үлесін қоса береді деп сенеміз...

04.03.2018

Cүйкімді ару

4-сыныптар арасында "Сүйкімді ару" байқауы өтті

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны