Меню KDT

Новости

Главная Новости

Төтенше жағдайлардың алдын алу 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

     Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде 2018 жылдың 2 наурыз күні 7-11 сыныптар арасында бірыңғай 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.   
      Мектебіміздің спорт залында 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне   АӘД мұғалімі Б.К.Байбулатов төтенше жағдайлар болған кезде не істеу керек екендігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.   
                                                     

                                                     
     Қазақстандықтар жыл сайын 1 наурыз күні Бүкіләлемдік Азаматтық қорғау Күнін атап өтеді. Бұл күні 1972 жылы 1 наурызда Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) құрылған күніне белгіленген. Егерде дәлірек айтқанда, 1972 жылы ұйым үкіметаралық ұйымы статусына ие болды, бірақ ол бұрынырақ құрылған. Онда 18 мемлекетпен келісілген ХАҚҰ-ның жарғы күшіне енген. Қазіргі таңда ХАҚҰ Европа, Азия мен Африканың 50-ке жуық елін біріктіріп отыр, 16 мемлекеттік бақылаушылар, 13 қауымдастырылған мүшелерінен тұрады. Штаб-пәтер Щвецарияда (Женева қаласында). ХАҚҰ мүшелерінің қабылдауы барлық мемлекеттерге ашық. 1990 жылы ХАҚҰ Бас Ассамблеясының 9-шы сессиясы өткізіліп, жыл сайын 1 наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық қорғау Күнінің мейрамы болсын деген шешім қабылданған. Біздің елге келетін болсақ, 1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ХАҚҰ толық құқықты мүшесі болып табылады және оның жұмыстарының негізгі бағыттарын іске асыруға белсенділік танытып отыр. 1997 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына кіруі туралы» Заңы қабылданып, күшіне енді.
   11 «ә» сыныбында АӘД мұғалімі Б.К.Байбулатов  Азаматтық қорғау Күні туралы, төтенше жағдай орын алған кезде бірінші қандай іс-әрекеттер орындалу керек екендігін түсіндіріп, оқушыларға мәлімдеді.
                         
                                 Төменгі қабатта өмір қауіпсіздік негіздеріне арналған стенд және көрме ұйымдастырылды
                         
       
                                                           

Орынд: К.М.Тасболатова
501852

 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны