Наурыз айының 2-ші жұлдызы күні мектебімізде “Азаматтық қорғаныс” күніне байланысты мектеп оқушыларына төтенше жағдай орын алғандағы қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Бұл іс-шара - әлемдегі сан алуан елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға барлық күшті біріктіру, халықты, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметкерлерін болуы мүмкін тосын оқиғаларға дайындауға бағытталған халықаралық акция болып табылады. Бұл іс- шараның мақсаты: оқушыларды төтенше жағдайда көмек көрсетуге , қажырлыққа, бір бірін қолдауға, жауапкершілікпен орындауға бейімделуін қалыптастыру болды. Азаматтық қорғаныс штабының тәжірибелік шараларды жоспарлануының орындалуы, төтенше жағдайларды алдын алу. Мектебіміздің инспекторы Искандарова Жанар Камалбаевна қажетті көрнекілік, ақпараттық материалдар дайындап оқушыларға түсіндіріп айтты. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу кез келген мемлекеттің басты қызметтерінің бірі деуге болады. Азаматтық қорғаныс мемлекеттің қауіпсіздігін қалыптастыруға елеулі үлесін қоса береді деп сенеміз...

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны