24 қараша күні №3 мектеп – гимназиясының барлық сыныптарында «20 қараша - «Бала құқығы туралы конвенцияның»қабылданған күні» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

Бүгін, 23 қараша күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте "Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалымен бірге жиналыс өткізілді. Жиналысқа "Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапаров Бақыт Аманжолұлы қатысып, түрлі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар xақында есеп беріп, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайларын көтеру туралы мәселелер қозғалды. Мұғалімдердің түрлі тақырыптарды қамтыған бірнеше маңызды сұрақтарына жауап берілді.

"ХХІ ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасыры» боларына сенемін» – деген Елбасы ойы жүзеге асатынына сенім білдірді. Сол сияқты бірнеше әріптесіміз "Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясына мүшелікке қабылданды. Салтанатты жиналыс мектебіміздің талантты оқушыларының бірі

Маханұлы Бексұлтанның «Қазақ батырлары" әнімен аяқталып, педагогикалық ұжымға болашақта сәтті қадам тіледік.

Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебінде соңғы бірнеше жылдан бері күй өнері жақсы жолға қойылған. Жетекшілік етіп отырған Исаева Роза Қалыпбайқызы шәкірт тәрбиелеумен қатар, өзі де үлкен сақналарда өнерімен xалқының көзайымы болып жүрген қарапайым да шығармашыл, өз кәсібінің шебері деп ауыз толтырып айта жүретін жан. Бүгін Астана қалалық "АБЫЗ ДОМБЫРА" күй байқауының ақтық мәресі болып, нәтижесінде ересектер тобы арасында 7"б" сынып оқушысы Серік Ділдар ІІІ орын, кіші топ бойынша Айдосұлы Жасұлан І орын иеленіп, ұстазының абыройы, мектептің мерейі арта түсті.

Роза Қалыпбайқызының тағы бір шәкірті, 8-сынып оқушысы Раxимова Әмина Санк-Петербургте өткен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮЙ БАЙҚАУЫнда ерекше өнер көрсетіп, І орынды қанжығаға байлады. Әминаның елге аман-есен оралуына, ортамызға қосылуына тілектестік білдіре отырып, ұстазы мен шәкіртін жеңісті сәттерімен құттықтаймыз! Роза Қалыпбайқызына алдағы күндеріне сәттілік пен ақ жол тілейміз!

Астана қаласындағы №84 мектеп-лицейіндегі "Жас ұлан" БЖЖҰ көшбасшыларының "Еңбек" бағыты жүргізетін "Ақылды бейсенбі" Жобасы
"Жас ұлан"БЖЖҰ көшбасшыларының "Салауат" бағыты "Кіші тағзым Мұражайлар тарихы"

Республикалық «Суреттер сөйлейді» атты дарынды оқушылар байқауында №64 мектеп-лицейінің 5 «Ж» сынып оқушысы Мұхитқызы Медина «ІІІ – дәрежелі» Дипломмен марапатталды.

Жетекшісі: Кауметова Бақыткүл Төкенқызы.
Шығармашылық табыс тілей отырып, Құттықтаймыз!!!

Ұлттық құндылығымызды насихаттау мақсатында №79 мектеп-лицейінің 7 "А" сынып оқушылары (сын.жет.Ташимова Г.К.) қараша айының 22-ші жұлдызы Тұңғыш Президент атындағы мұражайда болды.
Қараша айының 19-27 аралығында № 74 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде "Қазақ тілі-мәңгілік елдеің жасампазы" тақырыбында апталық өтуде
22 қараша күні №3 мектеп гимназиясының 11 «А», 11 «Б», 11 «В» сынып оқушылары «Атакент» іскерлік орталығының ұйымдастырумен өткен «Білім және ғылым 2018» ХУІ Халықаралық кәсіптік бағдарлау көрмесінде болып қайтты.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны