Бүгін, 23 қараша күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте "Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалымен бірге жиналыс өткізілді. Жиналысқа "Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапаров Бақыт Аманжолұлы қатысып, түрлі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар xақында есеп беріп, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайларын көтеру туралы мәселелер қозғалды. Мұғалімдердің түрлі тақырыптарды қамтыған бірнеше маңызды сұрақтарына жауап берілді.
"ХХІ ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасыры» боларына сенемін» – деген Елбасы ойы жүзеге асатынына сенім білдірді. Сол сияқты бірнеше әріптесіміз "Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясына мүшелікке қабылданды. Салтанатты жиналыс мектебіміздің талантты оқушыларының бірі
Маханұлы Бексұлтанның «Қазақ батырлары" әнімен аяқталып, педагогикалық ұжымға болашақта сәтті қадам тіледік.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"