Меню KDT

Новости

Главная Новости

КҮЙШІ ШӘКІРТТЕРІМІЗ ТОП ЖАРДЫ...

Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебінде соңғы бірнеше жылдан бері күй өнері жақсы жолға қойылған. Жетекшілік етіп отырған Исаева Роза Қалыпбайқызы шәкірт тәрбиелеумен қатар, өзі де үлкен сақналарда өнерімен xалқының көзайымы болып жүрген қарапайым да шығармашыл, өз кәсібінің шебері деп ауыз толтырып айта жүретін жан. Бүгін Астана қалалық "АБЫЗ ДОМБЫРА" күй байқауының ақтық мәресі болып, нәтижесінде ересектер тобы арасында 7"б" сынып оқушысы Серік Ділдар ІІІ орын, кіші топ бойынша Айдосұлы Жасұлан І орын иеленіп, ұстазының абыройы, мектептің мерейі арта түсті.

Роза Қалыпбайқызының тағы бір шәкірті, 8-сынып оқушысы Раxимова Әмина Санк-Петербургте өткен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮЙ БАЙҚАУЫнда ерекше өнер көрсетіп, І орынды қанжығаға байлады. Әминаның елге аман-есен оралуына, ортамызға қосылуына тілектестік білдіре отырып, ұстазы мен шәкіртін жеңісті сәттерімен құттықтаймыз! Роза Қалыпбайқызына алдағы күндеріне сәттілік пен ақ жол тілейміз!


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"