Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Әліппеге мың алғыс!

Желтоқсанның 20 жұлдызында 1 «А» сыныбында «әліппеге мың алғыс!» атты ашық тәрбие сағатиы болып өтті.

Мақсаты: білімнің бастауы болған, Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету.
Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру.
Отаным, мектебім, ұстаздарын, ата – аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ ертегі түрінде өткізілді. Себебі 1- сынып оқушыларына ертегі кейіпкерілері арқылы жеңіл түсінеді. Білім еліне саяхат жасау арқылы пәндер түсіндірілді. Балалардың барлығы белсенді қатыса білді. Олар жұмысшылар, жүргізушілер, әліппе, ана тілі, әнші, бишіжәне Қазақстан 2050 стратегиясын құрушы да бола білді. Сыныпта барлығы 26 оқушы.Соның ішінде 3 әнші қыз бар. 5 қыз , 1 ұл биші. Барлығы да өнерлерін ортаға салды. Шахизат Арайлым ертегі желісімен басталған сабағымызды ертегілер әнімен жалғастырды.

Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтып,мағынасын түсіне білді.
Ә –әлемді Л –легімен І – ізгілік П – парасатпен П – паш Е – етеміз

Сабақ барысында Отан, Нан, Қазақстан, Ту,Әліппе, Ана тілі, Математика, Ағылшын туралы өлең жолдары оқылды. Оқушылар ағылшын пәнін оқу барысында аз да болса үйренгендерін ортаға салды.

Good morning! 
Good morning!
 
Good morning to you!
 
Good morning!
 
Good morning!
 
I`m glad to see you!
 –дей келе Адильбекқызы Нұрсезім ағылшын тілінде қуыршақтар әнін салды.

Сыныптағы орыс, өзбек, ұйғыр балаларымыз «біз көп ұлтты мемлекетпіз» –дей келе тақпақтарын айтты. Және де Таирова Гүлсанам ұйғыр биін биледі.

 

Математикалық жұмбақты шешу арқылы Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын көрсеткен Жолдау ретінде халықтың қолдауын тапты. Осы салада Ғабитұлы Мұхаммедияр оқушы антын берді. Кемелбек Аяулым «Сарбаздар» әнін айтып, ұлдар сол әнге сарбаз биін биледі. Тәрбие сағаты соңында ата - аналар атынан Кемелбек Аяулымның әжесі балаларға ақ тілегін білдірді. Және Абишова Фарида Рахымқызы оқушылардың сабақтарын жақсы оқуын айтып ақ жол тіледі.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное