Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Ата-аналарға арналған ақпарат

Құрметті ата-аналар!

         Қаладағы мектепке дейінгі мекемелердің іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген үлгі ережелеріне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес қызмет атқарады. Осыған орай, қаланың мектепке дейінгі мекемелерінің жұмыс тәртібі шамамен 10,5 сағат яғни 7.30-дан 18.00-ге дейін болып бекітілген.

            Ереженің 2, 17 тармақтары бойынша мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналардан баланы  қамтамасыз ету үшін алынатын төлем мөлшері баланың жасына қарамастан тамақтандыру мөлшерінің 100 пайызын құрайды.

            Астана қаласы бойынша ата-ана төлем ақысы шамамен:

            Екіден үш жасқа дейінгі бала үшін – 8400 теңге;

            Үштен жеті жасқа дейін – 10080 теңге.

            Балабақшаларда ата-аналық төлем ақыдан басқа қосымша ақылы қызметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы   № 1441 Мемлекеттік білім беру мекемелерінде ақылы қызмет көрсету  Тәртібі туралы қаулысына сәйкес көрсетіледі.

            Қосымша ақылы қызметтер ата-ананың қалауымен өтініш негізінде жүргізіледі. Ата-ананың өтінішінде көрсетілген қосымшаақылы қызмет көрсету негізінде келісім-шартқа отырады.

            Келісім-шарт мазмұнында қызмет көрсету түрі, оның көлемі өткізу уақыты еселігі төлем ақысы және жауапкершіліктері негізделеді.

            Сіздің балаңызды мектепке дейінгі мекемелерінің болашақ тәрбиеленушілері «Кітабының тізіміне енгізу» үшін, тұрғылықты жеріңіздегі аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығына жолығуыңыз қажет немесе электронды Үкімет қызметіне e.gov-қа немесе www. e.astana.kz сайтына  жүгінсеңіз болады.

            Қазақстан Республикасының Үкіметінің 31 тамыздағы № 1119 қаулысына сәйкес, баланы кезекке қою үшін құжаттар:

            Туу туралы куәлігінің көшірмесі;

            Ата-ананың жеке куәліктерінің көшермелері;

            Мекен-жайдан анықтама.

            Жыл сайын балабақшаға қабылдау балалардың мектепке бару кезеңінен кейін (маусым айы) және жаңа балабақшаларды пайдалануға берілген жағдайда жүргізіледі.

Балаларды қабылдау жөніндегі ақпарат Астана қаласы әкімдігінің, Білім басқармасының сайттарында және БАҚ-та жарияланады. Әрбір қабылдау кезеңі өткен соң бір ай ішінде тізімдегі тұлғаларды жылжыту жұмысы жүргізіледі.

            Мектепке дейінгі мекемелерге жинақтауға қатысты сұрақтар бойынша Қарталы көшесінде орналасқан № 61 мектепте қабылдау жүргізіледі немесе Астана қаласының контакт орталығына 55- 66- 55 телефоны арқылы хабарласа аласыз. 

Мектепке дейінгі мекемелер туралы толық ақпаратты апта сайын 25 сәуірден 25 мамырға дейін сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. Шілде айында-кезекті демалыс. Жыл бойы 1 тамыздан бастап 1 қазанға дейін халықты қабылдау апта сайын әр сәрсенбі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін екінші және соңғы сәрсенбі күні сағат 10.00-ден бастап 17.00-ге дейін жүргізіледі.

            Кезектің жылжуы бойынша ақпаратты www. e.Astana.kz сайтынан біле аласыздар.

            Балаңыз туралы мәлімет табылмаған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығына барып біле аласыз немесе Астана қаласының контакт-орталығына 55- 66- 55 телефоны арқылы хабарласа аласыз.

            Мемлекеттік тапсырыс аясында баланы жеке меншік балабақшаға орналастыру үшін www. e.Astana.kz сайтынан тізім бойынша балабақшаны таңдап алу қажет, әрі қарай рәсімдеу бойынша ақпаратты алу үшін қабылдау күндері Білім басқармасына жолығу қажет. 

Полезное