Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Бір күндік мектеп тынысы

Бір күндік мектеп тынысы

 26.09.2014 жылы мектеп-лицейде 1 сыныптар арасында ашық есік күні өтті. Мақсаты: Ата-аналарды мектептің оқу- тәрбие үрдісімен таныстырып, ата-аналар бойында баламен педагогикалық мақсатты қарым- қатынас құру тәжірибесін қалыптастыру.

Ашық есік күніне әр сыныптан 5 ата-анадан қатысты. Ата-аналар сабақ кестесі бойынша сабақтарға  қатысып, бір күндік мектеп тынысымен танысты.  Қорытындысы мәжіліс залында жалғасын тапты.  «Сатылай кешенді талдау» технологиясының авторы, профессор Нұрша Алжанбайқызы Оразақынова  технология бойынша ата-аналарды таныстырды. Бұл технологияның тиімділігі- баланың тіл байлығы артып, сөздік қоры молаяды. Өткен оқу жылында эксперимент сыныптарында отырған мектебіміздің бірнеше командасы осы технология бойынша өткен республикалық, қалалық олимпиада жеңімпаздары қатарынан көрінді.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Нәби бастауыш сыныптардағы зерттеу жұмысын тиімді ұйымдастыру жайында ата-аналармен ой бөлісті. Жас жеткіншектерді мектеп қабырғасынан ғылыми жоба жұмыстарына қызықтырып, олардың танымдық көзқарастарын қалыптастыру, дарынды тұлғаның қалыптасуына психологиялық ықпал жасауына зерттеу  технологиясының маңыздылығын зор екенін айтты. Өткен оқу жылында  Республикалық зерттеу сайысының І орын иегері атанған Кеңесбек Сержан ата-аналар алдында «Бал арасы» атты зерттеу жұмысымен таныстырды.

Мектеп табалдырығын енді аттаған 1-сынып оқушыларының ата-аналарына мектепте жүргізілетін тәрбие жұмысы жайлы директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Сейілханқызы таныстырды.

Ал оқу үрдісіндегі жүргізіліп жатқан жұмыстары мен бағалау талаптары туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мариям Амангелдіқызы айтып өтті.

Ата-аналар ұйымдастырылған жұмыстан алған әсерлерін және ұсыныс тілектерін білдірді.














Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное