Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Сәкен Сейфуллиннің туғанына 120 жыл

        2014 -2015 оқу жылына «№ 19 орта мектеп» ММ кітапханасының бекітілген жоспарына  сәйкес кітапханада Сәкен Сейфуллиннің туғанына 120 жыл толуына байланысты « Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы» атты әдеби шолу  8 қазақ сыныптарымен өткізілді.
Мақсаты: Қазақ баласы алашының аты аңызға айналған ардақты азаматы, аты шулы отыз жеті мен отыз сегіздің (1937-1938жж) жазықсыз кұрбаны «Қазақтың қызыл сұңқары» сұлу Сәкен атамызды еске алу, оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндау,Сәкен атамыздай табиғатты аялауға, мейірімді болуға тәрбиелеп,  шығармашылыққа баулу.
   
Оқырмандар санын көбейту,оқушыларды кітап оқуға үйрету арқылы  кітапханамен байланысты жақсарту.
Өткізілген іс –шарада: Ақынның өмірбаяны, шығармалары, ақынның досары мен қоршаған ортасы, поэмалары, прозалары , өлеңдері, ақынның мұражайы туралы көптеген ақпараттар  ұсынылды.
Нәтижесінде кітапханаға келушілердің саны көбейіп, оқушылар «Сәкен Сейфуллинге 120 жыл» атты атаулы күндер көрмесін пайдаланды, әдебиет сабағына қосымша ақпараттар беріліп, 8 «Ә» сыныбынан  6 жаңа оқырман жазылды. Сәкен Сейфуллин « Аққудың айырылуы» Өлеңдер мен поэма, әңгімелер мен повесть; Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» өлеңдер мен дастандар; Сәкен Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу1» роман –эссе кітаптары үлкен қолданысқа ие болды.

Өткізген: кітапханашы Желдыбаева Сауле Қажығалиқызы

 



 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное