Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Күз жәрмеңкесі

 

Күз жәрмеңкесі

 

2014 жылғы 1 қазанда № 24 орта мектепте кіші спорт залында оқушыларды өз бетінше еңбектенуге баулу, ойлау қабілеттерін дамыту, әсемділікке, тазалыққа тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, бауырмалдылыққа жетелеу, жекелей және ұжыммен жұмыс жасай білуді дамыту мақсатында «Күз байлығы» атты күз жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге 2-7 сыныптар қатысты. Әр сынып өздеріне бөлінген орынды қабылдап алып, тақырыпқа сай безендірді. Өз қолдарымен жасалған түрлі бұйымдарды (бисер, қатырма қағаз, түрлі табиғи материалдардан жасалған қолөнер бұйымдары), қолдан тігілген, тоқылған бұйымдарды, жеміс-жидектерден, көкөністерден дайындалған (өз фантазиязымен) түрлі себеттерді көпшілікке ұсынды. Жәрмеңкеден әр сынып жақсы қаражат жинап, өз сыныбының қорын ұлғайтты.

         Арнайы құрылған комиссия әр сыныптың жұмысын тексеріп, бағалады. Тексеру барысында жасалған жұмыстың тақырыпқа сәйкестігіне, сауда орынының тазалығына, жиналған қаржы сомасына, күз бейнесінде безендірілуіне көңіл бөлінді. Әр сыныптар арасында 1,2,3 орындар тағайындалып, қосымша «Күз бейнесіндегі ауыл», «Үздік күздік себет», «Сатып алушылар назарын аударған ауыл» номинациялары берілді.

         Өткізілген іс-шарадан өздерін кәсіпкер ретінде сезінген балалар үлкен әсер алып, қуанысып тарасты.

 

              

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное