Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Ұл бала ұятымен, қыз бала қылығымен көрікті»

 2014 жылдың 27 қазан күні кезекті 5 сыныптар арасындағы «Ұл бала ұятымен, қыз бала қылығымен көрікті» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына жауапты 5 «ә» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Набиева Б.К. 

Мақсаты: 1. Оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, жаман әдеттен аулақ болуға үйрету.
2. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным білімділігін арттыру.
3. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сынып сағатында оқушыларға,  адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Жақсы адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез - әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысу керек. Сендерге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым-кішіпейілділікті, шындылықты үлкендер үйретеді. Үйде ата-аналардың, мектепте мұғалімдердің сендер міндетті түрде орындайтын тәртіп ережелері бар. Ол – «Ержетер ұл  ережесі ,  бойжетер қыз ережесі»  айтылып өтілді.

Тиым сөздер тәрбиеге байланысты мақал-мәтелдерді оқушылар айта отырып, ортаға салып өзара талқылады. Ы.Алтынсариынның «Таза бұлақ» әңгімесі желісінде 5 «ә» сынып оқушылары  көріністерін оқушылар назарына ұсынды. Тәрбие сағаты қызықтыда мазмұнды өткізілді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное