Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Құлдыбаев Ерланмен "Табыстылық оқиғасы"

Қызықты адаммен кездесу - бұл ашық, неординарды және міндетті түрде табысты адаммен әңгімелесу. Қызықты адаммен кездесу - бұл тұтас бір әлемді ашу, бұл естен өшпес өмірлік сабақ. Осындай кездесу 22 қазанда біздің колледжде де болды. Біздің студенттер, құрылыс-техникалық колледжі мен менеджмент және бизнес колледждердің студенттері «Caspian Motors» ЖШС филиалының директоры Кулдыбаев Ерлан Мэлсовичпен кездесті. Кездесуді ұйымдастырушы - Астана қ. Кәсіпкерлер палатасы.  «Caspian Motors» компаниясы Қазақстандағы «FORD» маркасының эксклюзивті дистрибьюторы және «Land Rover» маркасының ресми дилері болып табылады.
Колледж директоры Серик Балтыханұлы және Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Омаров Айтуган Турсынханұлы сөз сөйлеп, студенттерге кездесуге "Қош келдіңіздер!" деді.
Ерлан Мэлсович төрт автоорталықтың жұмысын және үш көрсету залдарының жұмысын ұйымдастырып, іске қосты. Ол кісіде ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың Алғыс хаты және Қазақстанда  Volkswagen тауарлық маркасын алға тартуда қосқан үлесі үшін "Алтын түйреуіш" марапаттауы бар.
Ерлан Мэлсович студенттердің сұрақтарына нақты және толық жауап берді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай кездесулер біздің жастардың бойында жағымды әсер қалдырады және пайдалы.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное