Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Құттықтаймыз!

№48 мектеп-лицей ұжымы атынан Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Суханбердиева Эльмираны туылған күнімен құттықтаймыз. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге  ақ ниетпен деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз.
Адам өмірі халқына сіңірген еңбегі, ұлағатты жолы, ұрпақ тәрбиесіне қосқан өнегелі істерімен өлшенбек. Бар саналы ғұмырын білім саласына арнаған Эльмира  Амангелдіқызын үнемі ізденіс үстіндегі, өз мамандығын аса қастерлейтін тұлға ретінде танимыз. Әр адамның ғұмыры қашан да өнегелі ісімен ардақталып,  жеткен табысымен салмақталып отыратыны анық. Соның бір дәлелі: бүгінде Сіз кең байтақ еліміздің бас қаласы – Астананың Білім саласын шебер басқарып келесіз. Әріптестеріңіз Сізді іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады.
Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное