Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Менің өмірімдегі білімнің маңызы

     Астана қаласы №48 мектеп-лицейде 8 қыркүйек – бүкілдүниежүзілік сауаттылық күніне байланысты 11- сыныптарда "Менің өмірімдегі білімнің маңызы" атты сауаттылық сабағы өтті.

Мақсаты: «Адамға оқу-білім не береді?» сұрағына жауап беру арқылы биылғы мектеп бітіруші түлектердің білімнің маңызы туралы ойлары мен қызығушылығын дамыту болды.

Бұл оқу сабағына Қазақстан Оқу Ассоциациясының атқарушы директоры, білім магистрі, филология ғылымдарының кандидаты Мирсеитова Сапаргүл Сламбаевна қатысты. Аталған іс-шараны ұйымдастырушы -  "Құрмет белгісі" ордені иегері, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет  Грамотасының иегері, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтын Момынқұлова.

Сауаттылық сабағы оқушылардың интервью кезіндегі қойылған сұрақтарымен басталды. Қойылған сұрақтардың деңгейі өте жоғары болды. Қойылған сұрақтарға жауап, ой бөлісу оқушылардың ойын дамытып, идеясына қозғау салып "Менің өмірімдегі білімнің маңызы" тақырыбына эссе жазуларына мүмкіндік берді. Бүгінгі өткізілген сауаттылық сабағы болашақта түлектердің өз өмір жолдарын дұрыс таңдауына, мақсатына жете білуіне ықпалы болады деген сенімдеміз. Нәтижесінде оқушылардың жазған эсселері баспасөзде жарияланып, портфолиоларына салынады. Жұмыстың ең үздіктері ағылшын тіліне аударылып, суретпен бірге ЮНЕСКО-ның сайтында жарияланады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное