Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

"Мың бала" шақырады...

Мың бала шақырады...

Елім деп еңіреген етегі

Біле білсек қазақта ерлер жетеді.

Соның бірі бала батыр Сартайым

Мың баланың алдындағы жетегі

 
Ол заманда қазақ, қалмақ ата жау

Арасында қанша қырғын, қанша дау,

Ел басына қара бұлт келіп төнгенде,

Баламын деп басын бұғып қалмады – ау.

Жиналыпты бұл мейрамға бала мың,

Қуаныштан қалай қалыс қаламын.

Жаңа бағыт, жаңа мақсат әкелган,

Құтты болсын мың бала, құтты болсын қадамың! –деп  ақындар жырлағандай, оқушылардың отансүйгіш, елдің қамы үшін  жан салмайтын азамат тәрбиелеуде «Мың бала» жобасының маңызы зор.  Мектебімізде «Мың бала» жобасы аясында фестиваль өткізу игі дәстүрге айналған.  Сол дәсүр бойынша биылғы жылы 21 мамырда «Мың бала шақырады...» фестивалі өтті. Әр орталықтар өз бағыттары  бойынша атауын, ұранын, әнін айтып, өз ерекшеліктері мен шығармашылықтарын паш етті. Оқушылар бағыттарына сәйкес киімдер киіп өздерінің өзгешеліктерін де көрсете білді. Өз өнерлерімен көрермендерді таң қалдырып, ерекше көзге түскен Фарида Жалалқызының тобы «Жалын», Қобланова Нұрсулувтың тобы «Экологтар», Нұрлыбек Төлепбергенұлының тобы «Шахмат», сейтхан Гаухардың тобы «Жас информатиктер» болды. Фестиваль соңына қарай жетекшілер мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды. Оқушылардың барлығы бірігіп «Мың бала» ұранын орындады. 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное