Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша Республикалық ауызша командалық олипиада және ФОРУМ туралы

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша Республикалық ауызша командалық олипиада және ФОРУМ туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан республикасы Кіші ғылым академиясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 16-17 мамыр күндері «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – заманауи білім берудің кепілі» атты республикалық ФОРУМ және ҚР Кіші ғылым академиясының “Сатылай кешенді оқыту” технологиясы бойынша өтетін он төртінші республикалық ауызша командалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға қалалық олимпиададан озып шығып, республикалық олипиадаға жолдама алған командалар қатысты. Олимпиада ашық есік жағдайында өтті. Яғни ата-аналар мен мұғалімдердің қатысуы бойынша. Біздің мектептен 10 команда және сол команданың 16 жетекшісі қатысып марапатталды. Атап айтсақ,

БАС ЖҮЛДЕ-ге ие болғандар:

  • 1«Ә» сыныбы, жетекшісі Аймаханова Айгүл Сұлтанбекқызы,
  • 2«Ә» сыныбы, жетекшісі Омарова Камилия Омарқызы,
  • 3«Б» сыныбы, жетекшісі Аужанова Гүлден Елтайқызы,
  • 4«А» сыныбы, жетекшісі Ахметбекова Роза Мұқышқызы,
  • 5«Б» сыныбы, жетекшілері Алимкулова Ақмарал Құрманғалиқызы (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен), Әбіл Наташа (тарих пәнінен), Салхаева Гульвира Сапарбекқызы (орыс тілі пәнінен), Ахметова Батеш Мажитқызы (математика пәнінен).

 

І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ-мен марапатталғандар:

  • 3«Ә» сыныбы, жетекшісі Даулетиярова Гүлмира Кеңесқызы,
  • 4«Ә» сыныбы, жетекшісі Ахметова Гүлсім Амангелдіқызы,
  • 5 сыныптан құрылған команда, жетекшісі Бортанова Динара Мұхтарқызы (қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша), Әбіл Наташа (тарих пәнінен), Салхаева Гульвира Сапарбекқызы (орыс тілі пәнінен), Нұпсапа МАпиза (математика пәнінен).

 

ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ-мен марапатталғандар:

  • 3 «Б» сыныбы, жетекшісі Аужанова Гүлден Елтайқызы – бір сыныптан екі команда апарып отыр.
  • 4«Ә» сыныбы, жетекшісі Ахметова Гүлсім Амангелдіқызы – бұл кісі де бір сыныптан екі команда қатыстырып отыр.

Бұл мапаттаулар тек олимпиада бойынша. Екінші күні ФОРУМ өткізілді. Онда да біздің мұғалімдер шеберлік сыныптар көрсетті. Атап айтсақ «Астана» тақырыбы бойынша 3 сынып оқушылары, жетекшілері Қойшыбаева Айна Мұхаметқалиқызы және Жүсіпбекова Сауле Рафгатқызы сабақ көрсетсе, 4 «Б» сынып оқушылары мен ата-аналарды біріктіріп «Анам, әке, мен және туған тілім» тақырыбында Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы туралы сынып сағатын көрсетті. Сабақтар өте сәтті шықты. Осы мұғалімдер де МАҚТАУ ҚАҒАЗДАРЫМЕН марапатталды. Әрине бұл жұмыстың барлығы мұғалімдердің еңбегі. Осы мұғалімдерге көп-көп рахмет айтамыз.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное