Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Қанжығаны жүлдеге толтырған білім додасы.

Қанжығаны жүлдеге толтырған білім додасы.

   Елордамызда Республикалық  деңгейінде «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы -  заманауи білім берудің кепілі» атты форумы  және ҚР Кіші Ғылым Академиясының «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша ХІV Республикалық ауызша командалық олимпиадасы 2014 жылдың 16-17 мамыры күндері өтті.  Олимпиада  Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясы,  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.

       Олимпиадаға  республика бойынша  43 команда қатысты. Жалпы Астана қаласынан 1-5 сыныптар бойынша 31 команда өз білімдерін сынады. Білім додасының бірінші бөлімінде командалар өздерінің топтарының атауы, әнұраны және топ әнімен таныстырып өтті. Екінші бөлімінде оқушылар қазақ тілі, ана тілі, дүниетану, математика, қазақ әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.

  Бір күнге созылған білім сайысының соңы марапаттаумен аяқталды. Мектебімізден  қатысқан 10 командадан 33 оқушыға   диплом мен сыйлыққа сағаттар таратылса, дайындаған жетекшілеріне Мақтау қағаздары табысталды. Атап айтқанда, 1 сыныптар бойынша жалпы 17 команданың ішінен  1 «И» сыныбының жетекшісі Шалова Роза Мейірбекқызының «Самғау», «Айтұмар» топтары бас жүлдені, «Жалын» тобы І орынды, «Қыран» тобы ІІ орынды иеленсе, 1 «Н» сыныбының жетекшісі Досатаева Күлзира Талғатқызының «Шұғыла» тобы бас жүлдені, «Сәйгүлік» тобы І орынды, «Көкпар» тобы ІІ орынды   иеленді. 1 «В» сыныбының жетекшісі Нупбаева Күлдарай Айтенқызының «Балауса» тобы І орынды иеленді. 2 «Г» сыныбының жетекшісі Танқыбаева Жанар Тоқпайқызының «Ана тілім- айбыным» тобы  бас жүлдені иеленді. 5 «А» сыныбының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Толеубаева Самал Жақсылыққызының, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Керімбаева Гүлнар Мукаметжанқызының, тарих пәнінің мұғалімі Азатова Асел Жолдасбекқызының  жетекшілік еткен «Шамшырақ» тобы жалпы 6 топтың ішінен Бас жүлдені иеленді. Олимпиаданың бас-аяғында қатысып отырған ата-аналар балаларының жетістіктеріне куә болды. Ал оқушылардың жүзінен қуаныш нұры байқалды. Мектебімізден қатысқан 10 команданың барлығы да  қанжығасына жүлделі орынды байлап келді.

       Олимпиадаға шақырылған қонақтар қатарында  ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры  Ж.А.Жонтаева, ҚР Кіші Ғылым Академиясының вице-президенті В.И.Грещенко, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Э.А.Суханбердиева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Ф.Ш.Оразбаева және  кафедра меңгерушісі, доцент Ж.Т.Даулетбекова, Астана қаласы Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Б.А.Бердібаев, №8 мектептің директоры С.Е.Сатмағамбетов, №4 мектеп-гимназия директоры Б.С.Сыздыкова, №66 мектеп-лицейінің директоры А.Е.Шаяхметова, №70 мектеп-лицейінің директоры М.К.Қазиева болды.

   Республикалық олимпиадаға қатысушы оқушыларды және дайындаған жетекшілеріне шығармашылық табыс, басқа да білім сайыстарында биік шыңдардан көріне берсін деп тілек тілейміз.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное