Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

21.05.2014ж. Топты жарып шыққан ұстаз!

Астана қаласы Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2014 жылдың 20 мамырында қазақ тілінде оқытатын тарих пәні мұғалімдері үшін «Үздік тарихшы» қалалық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Астана қаласы бойынша тарих пәні мұғалімінің үздік тәжірибесін анықтау арқылы, мұғалімнің кәсіби шығармашылығын ынталандыру, көпшілікке тарату, әлеуметтік және кәсіби келбетін қалыптастыру.
Байқау 4 кезеңнен тұрды:
І кезең-мұғалімнің портфолиосы, инновациялығы, әдістемелік тақырыбының ашылуы;
ІІ кезең-әдістемелік шеберлік сабақ (дискіде тапсыру)
ІІІ кезең-«Мәңгілік ел» идеясы менің зердемде
IV кезең-шығармашылық өнері
Осы кезеңдердің бәрінен жоғары ұпай жинап, мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Бимендин Болат Дусимбекұлы қатысып, І жүлделі орынды иеленді.Ол өзінің білімі  және табандылығының арқасында әлі де толағай табыстарға жететіне сенімдіміз.
Еңбек жолыңызда  қанатыңыз талмай, биік белестерге жете беруіңізге тілектеспіз!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное