Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

"Екі жұлдыз" дүлдүлдер додасының ақтық кезеңі өтті

Ағымдағы жылдың мамырдың 16 күні мектебімізде  «Екі жұлдыз» жобасының ақтық кезеңі өтті. Өнер көрсеткен 4 жұп. Бұл кезең Ұлы Отан соғысы жылдарындағы  әндеріне арналды. Барлық қатысушылар репертуарларын таңдауда үлкен жауаптылық танытты. Бұл кезеңде әйгілі  «Смуглянка» әні,  «Катюша» әні орындалды. Әсіресе,  «Катюша» ,  «Смуглянка»  әндерін ерекше шырқаған мұғалім Абилтаева Майра Латенқызы мен  5 сынып оқушысы Аманбаева Камила, Бастауыш сынып мұғалімі Борина Тұрсын Ғалықызы мен 10 «Ә» сынып оқушысы Романов Еламанның өнерлері көптің көңілінен шықты.

Сайыстың қорытындысында, 3 орын- Борина Тұрсын ,10 «Ә» сынып оқушысы Романов Еламан, 2-орын- биология пәні мұғалімі Тәңірбердиева Айман мен 7 сынып оқушысы Дәуренбек Асылзат, 1 орын-Сариева Айнур, 9 «Б» сынып оқушысы  Теңізбай Арайлым, бас жүлде Абилтаева Майра Латенқызы мен  5 сынып оқушысы Аманбаева Камила жұптары жүлдегер атанды.  Ән додасына қатысқан өнерпаздар  сайысқа белсене атсалысқандары үшін тиісінше марапат көрді.



      



      


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное